Халық батыры Ер Шотан Назарұлы жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылуда
19 Октября 2019 (14:55) | 2698 | Автор: Нурганым Имашева
Жасөспірім ұл қыздар арасындағы дәстүрлі жарыс 19-20 қазан Ақтау қаласы, 33 шағынаудан «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.
Шотан Назарұлы атындағы дзюдо турнирі алғаш рет 2015 жылы Жаңаөзен қаласында облыстық турнир ретінде ұйымдастырылды. Кейінгі жылы республикалық деңгейге көтерілді.
Ал үшінші жылы жарыс облыс орталығына ауысып сол жылдан бастап ашық республикалық турнир деңгейіне жетті. Міне, биыл бесінші жыл алыс-жақын шет елден балуандар тұрақты қатысуда. Биыл да 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер Шотан Назарұлының жүлдесі үшін бақ сынайды.
Биылғы бәсекеде еліміздің барлық аймағы мен Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан, Ингушетия, Қарақалпақстаннан 600ге тарта балуан бақ сынайды.
Турнир жеңімпаздарына ҚР " Спорт шеберіне үміткер" атағы беріледі.
● Командалық сайыс жеңімпаздары қаржылай сыйға ие болады:
I орын 200 000 ₸
II орын 100 000 ₸
III орын 50 000 ₸
Жарыс бағдарламасы:
18.10.2019ж
Сағат : 11:30
Сағат: 10:00-15:00 мандаттық комиссия жұмысы
Өтетін орны: Тұрар Жолдыбаев атындағы спорт кешені
Сағат:15:00-16:00 Төрешілер отырысы
Өтетін орны: Тұрар Жолдыбаев атындағы спорт кешені
Сағат: 16:00-17:00 Салмақ өлшеу.
Өтетін орны: Тұрар Жолдыбаев атындағы спорт кешені
19.10.2019ж
Жарыстың басталуы
Сағат: 10:00
Ұлдар:+ 35 кг, +38кг, +42 кг, +46кг, +50кг, +55кг, +60кг, +66кг
Қыздар: +32 кг, +36кг, +40кг, +46кг
Жарыстың салтанатты ашылуы:
Сағат:12:00
20.10.2019ж
Сағат: 10-00
Командалық күрес
+35 кг, +38кг, +42кг, +46 кг, +50 кг
Өтетін орны: 33ш/а Маңғыстау Арена спорт кешені
Автордың суреті
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему