Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған  іс-шаралардың ашылу салтанаты өтті
Курс валют в Актау
на 06/08/2020
 
417.49
422.14
 
492.7
498.39
 
5.59
5.83
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
6 Августа, 14:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шаралардың ашылу салтанаты өтті

11 Октября 2019 (14:11) | 2082 | Автор: Нурганым Имашева

10 қазанда Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың ашылу салтанаты болып өтті.

 

 

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және еліміздің әр түпкірінен келген ел ағалары, Әбіш ағаның замандастары, үзеңгі-әріптестері, қабырғалы қаламгерлер мен өнер тарландары, ғалымдар, жұртшылық өкілдері қатысты.

 

Мерекеге сай безендірілген кешенге келген меймандарды «Ақжарма» фольклорлық ансамблі ұлттық нақыштағы әсем әуен, күмбірлеген күймен қарсы алды.

 

Мерекелік шараның бастауында айтыскер ақын Мэлс Қосымбай Ә.Кекілбаевқа арналған «Арнаумен» жыр дариясын селдетті.

 

Салтанатты кештің ашылуында аймақ басшысы Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы сөз алып, мерекеге орай алыстан келген мәртебелі меймандарға ризашылығын білдіре отырып, Әбіштей заңғар жазушының 80 жылдық мерейтойын атап өтудің бүкіл Қазақ елі үшін, халқымыздың өткені мен бүгінін саралап, жарқын келешегіне бастайтын маңызы зор, ауқымды, іргелі іс болып табылатынына тоқталды. Халық жазушысының мол әдеби мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани байлығын арттыру қажеттілігін тілге тиек етті.

 

Мәдени кешенде Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған мұражай және кітапхана, фото көрмелері ұйымдастырылды.

 

Көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, философ Әбіш Кекілбаевтың алар орны ерекше. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көпұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы болған. (1996-2002). Ал, 2002 жылдан бастап ҚР Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалды. II және III шақырылымындағы Қазақстан Республиасы Парламент Сенатының депутаты.

 

I шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. XIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.

 

Ә.Кекілбаевты тек қазақ елі ғана емес, сонымен қоса орыс, неміс, түрік және т.б. елдерде сүйікті жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таныды. Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік және қоғамдық саяси белсенділігінің ролі ерекше бағаланды.

 

Қазақстанның дамуы үшін аянбай тер төккен Әбіш Кекілбаев еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, ұлтаралық, дипломатиялық, халықаралық т.б. мәселелерінде белсенділік танытты.

 

Қазақстанның даму жолын саралап, халық тағдырына жанашырлықпен қарап, азаттық жолында ұлттық мүдде мен ұлттық сананың өрбуіне өз үлесін қосқан бірден-бір азамат.

 

 

Жиында жазушы Төлен Әбдікұлы және ақын Есенғали Раушановтар заңғар жазушының қазақ әдебиетіндегі алар орны, білімдарлығы, азаматтық болмысы, кісілік келбеті туралы әңгімелеп, кеш қонақтарына құттықтау сөз арнады.

 

Мерекелік кеш Айгүл Үлкенбаева, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры актерлері, Елена Әбдіхалықова және Айгүл Қосановалардың орындауындағы «Маңғыстау» поэтикалық қойылымының сахналануымен жалғасты.

 

Кеш қонақтарының алдында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры актерлері, Гүлсина Мирғалиеваның театр мектебі, Халықтық ұжым «Жорға» би ансамблі Ә.Кекілбайұлы шығармалары мен сұхбаттарының негізінде театрландырылған «Аманат арқалаған Абыз» атты прологты сахналады.

 

Салтанатты жиынның соңы Тамара Асар, Халықтық ұжым «Жорға» би ансамблінің орындауындағы «Әбіш Әлемі» қойылымына ұласты.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Аскар, 14 Октября 2019 (10:21)
1 0
Онын орнына сол жана микрорайндарга жетпейтин мектеп салып, Абишин атын бересалганда болмайтынба еди??? Казыргы танда халыкка мектеп кажет еди, муражайдан кори.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему