Сот қызметкерлері Айтуар Өтегеновпен кездесті
29 Сентября 2019 (09:43) | 2485 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық соты мен облыстық жастар орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағы мен журналистер Одағының мүшесі, ақын Айтуар Оспанұлы Өтегеновпен жастардың кездесуі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің 2019 жылға арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Өзгерістерді өзіңнен баста" жобасын іске асыру мақсатында жоспарланған іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Калпаков Аманбек Шыршығұлұлы және сот қызметкерлері де қатысты.
Басқосудың мақсаты - жастардың бойына ұлттық құндылықтарды барынша дәріптеу, рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, аға буын өкілдерінің кешегі мен бүгінгі қазақ елі туралы әңгімелерімен ұрпақтар сабақтастығын жалғау болды.
Lectorium қатысушылары ақынмен еркін сұхбат алаңын құрып, сұрақтар қойып, қызықты әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында Айтуар Оспанұлы жастарға өзінің еңбек жолы, шығармашылығы, мемлекеттік қызмет атқарған жылдары кездескен қиындықтар мен қызықты сәттері туралы сыр шертті. Өлке тарихынан, ұлт тәрбиесінен мағыналы әңгімелерін де жеткізді.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему