Тұмауға қарсы вакцинамен барлық облыс тұрғындарының 10,0 %-ы қамтылатын болады
26 Сентября 2019 (15:04) | 1985 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Куркинбаева айтты
-Жедел респираторлы вирусты инфекция (бұдан әрі – ЖРВИ) және тұмаудың эпидемиологиялық маусымы 1-ші қазаннан басталады. Биылғы жылы қыркүйек айында тұмау ауруына қарсы вакцинаға жергілікті бюджеттен – 39 млн. 015 мың 900 теңге қаражат бөлініп, 45 000 доза көлемінде «Гриппол плюс» вакцинасы (өндіруші елі – Ресей) алынды. Тұмауға қарсы вакцинамен барлық облыс тұрғындарының 10,0 %-ын егумен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облыс аймағында жыл сайын өндіріс орындарындағы жұмыс берушілер есебінен жұмысшыларды және олардың отбасы мүшелерін егумен қамтамасыз ету жүргізіледі,-деп мәлімдеді департамент басшысының орынбасары .
Гүлнар Куркинбаеваның айтуынша, «Облыс көлемінде былтырғы эпидемиологиялық маусымда 164 грипп вирусы А/H1N1 – 25, А/H3N2-137 және В - 2 жағдай тіркелгені. Ағымдағы жылы облыс аймағында 1 менингококк инфекциясы тілкелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші – 0,14, 2018 жылмен салыстырғанда (тіркелмеген) салыстырғанда 1 ауруға жоғары. Облыс аумағында менингококк инфекциясының тіркелуінің алдын алу Сауд Арабия патшалығына қажылық сапарға баратын адамдарды медициналық тексеруден өткізіп, менингококк инфекциясына қарсы 137 адамға екпе жүргізіліп, егілгені жөнінде серификат берілді. Биылғы жылы менингококк инфекциясына 150 доза «Нименрикс» вакцинасы (өндіруші елі – Бельгия) алынды. Екпе ақылы түрде ұйымдастырылды. Егілгендер арасынан вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар тіркелген жоқ.
Қоршаған ортадағы су көздеріне зертханалық мониторинг жүргізілді. Полимеразды тізбек әдісімен (ПЦР) энтеровирус инфекциясына тексерілді: ағымды су көздерінен – 30 сынама, нәтижесі оң – 4 сынама. Бассеин - 25, нәтижесі теріс, ашық су көздері – 66 сынама, нәтижесі теріс».
Суретті түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі және astana-akshamy.kz , qazaquni.kz сайттарынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему