Ақтауда «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагері өтті
Курс валют в Актау
на 28/02/2021
 
414.62
418.3
 
504.33
509.23
 
5.51
5.68
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Февраля, 22:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагері өтті

31 Августа 2019 (14:38) | 1459 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Болашаққа сеніммен» жобасы аясында тамыз айының 27-29 күндері аралығында Маңғыстау жастары бас қосқан «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагері өтті.

 

 

Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және өңір жастарының әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жастар лагеріне жиылған өңіріміздің әртүрлі санаттағы 60 – қа жуық жасы «Танысу», «Топтық жұмыс: тим-билдинг» және «Коммуникация» сессияларына қатысты.

 

 

-Аталған жастар лагері – әрбір қатысушы жастың өзін-өзі дамыту қабілетін ашып, әлеуетін арттыру үшін ұйымдастырылып отыр.

 

 

Лагерь бағдарламасы – бейресми өмір бойы білім алу арқылы дағдылар мен құзыреттердің өсуіне зор әсер ететіндігін ескеріліп жасалды. Қатысушы әрбір жас өз білімін толықтырып, өмірлік және кәсіби бағыт-бағдар алса, демек, лагерь өз мақсатына толық жетті деп айта аламыз.

 

 

Жастар лагеріне алғаш қатысып отырған, әртүрлі санаттағы жастардың басын қосқан ауқымды шарадан күтеріміз де, қатысушыларға береріміз көп болды,- деп атап өтті Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек.

 

 

Өңірлік жастар лагерінің бірінші күнінде қатысушылар «Кәсіпкер» холдингі КЕАҚ бизнес-кеңесшісі, ментор Фатима Салқынбаеваның «Business Day: жастардың кәсіпкерлік қабілеттерін арттыру» тақырыбында өткен семинар-тренингіне және «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының резервисі Мұқаш Оралбайдың «Тұлғалық даму» тренингіне, Ұлттық тренерлер пулінің тренері, журналист Жадыра Шалабаеваның «Шешендік өнер: шешен сөйлеу техникасы» тақырыбында өткен шеберлік сағатына қатысты.

 

 

Өңірлік жастар лагерінің екінші күнінде шарада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев қонақта болды. Қаныбек Бекболатұлы бүгінгі қазақстандық жастардың жаһандану заманының жаңа сұраныстарына сай болуға, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жолында жастарды еңбек етуге, мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарауға, әмбебап маман болуға ұмтылуға шақырды.

 

 

Сонымен қатар, «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагерінде «Боранқұл», «Барыстар Ақтау», «Фемида» және «Грант Орал» жайдарман топтарының көшбасшы ойыншыларының қатысуымен тренд-сессия өтті.

 

 

 

Қатысушылар арасында топтық рух қалыптастырып, кризистік ситуациялардан шығу жолдарын іздестіріп, логикалық және сыни ойлау қабілетін арттыруға бағытталған «Жіптік» курсы, «Сұрақ-Жауап» инттелектуалды ойыны, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатындағы «64 квадрат» жаттығуы және тағы басқа спорттық ойындардан тұрған «Болашаққа бағдар: ойлан, ізден, тап» квесті ұйымдастырылды.

 

 

Өңірлік жастар лагерінің үшінші күнінде қатысушылар қорытынды сессияға қатысып, аталған сессияда қатысушылардан құралған топтар «топ портретін» жасақтап, өзара ізгі тілектерін арнауға бағытталған топтық жаттығуға қатысты. Сонымен қатар, лагерь бағдарламасы мен ұйымдастырылуын жүйелеуге, сарапшы мамандардың, ұйымдастырушылар мен топ жетекшілерінің біліктілігін арттыруға, лагерь жұмысын әрі қарай жетілдіруге бағытталған сауалнамаларды толтырды.

 

Жастар лагерінің қатысушылары «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагерінің жабылу салтанатына қатысып, аталған лагерьге және оқыту шараларына қатысқандығын растайтын сертификатқа ие болды.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему