Өнерімен Маңғыстаудың абыройын асқақтатқан бүлдіршін
17 Августа 2019 (17:43) | 3462 | Автор: Нурганым Имашева
Елорда төрінде "Өнер - білім" орталығының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында "Ынтымақ" республикалык балалар байкауы өтті.
Аталмыш өнер додасында Маңғыстаудың намысын 5 жасар Тұмарым Сұлтан қорғады. "Хиуаз" балабакшасының тәрбиеленушісі Тұмарым Сұлтан байкаудың қорытындысында телевизиялық жобаның бас жүлдесін қанжығалап және хореография бөлімі бойынша екінші орынды иеленді.
-Байқауға тыңғылықты дайындаган "Мұнара" би ансамблінің жетекшісі Мұрат Камилаға алғыс айтамыз. Өнерлі балапанымыздың шығармашылығын шыңдау үшін біз қолымыздан келген дүниенің барлығын жасаймыз.
Бұл жолы Нұр - сұлтан қаласында өткен республикалық байқауға немерем Тұмарым анасымен бірге барып, қатысып, қанжығасы майланып қайтты. Қызымыз осыдан екі жыл бұрын "Маңғыстау-Медиа" орталығы ұйымдастырған Тәуелсіздік күніне арналған облыстық байқауда жүлделі орынды иеленіп, мерейімізді тасытқан болатын.
Сонымен қатар биыл маусым айында өткен "Жұлдыз болғым келеді" атты I республикалық онлайн байқауда жүлделі екінші орынды иеленіп, тағы қуантты. Өнерлі қызғалдағымыздың жолы ашық болып, әрдайым өнердің шыңынан көрінсін дегім келеді,-дейді Тұмарымныяң әжесі Камиля Алмағанбетова.
Суреттер отбасы мұрағатынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему