Ақтауда кекушинкай каратэдан оқу-жаттығу жиыны өтуде
Курс валют в Актау
на 23/04/2021
 
430.13
433.92
 
517.53
522.55
 
5.57
5.66
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
23 Апреля, 05:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда кекушинкай каратэдан оқу-жаттығу жиыны өтуде

5 Августа 2019 (19:37) | 1519 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстандағы 13 облыстың  және 3 қаланың мықтылары қатысқан додада үздік танылғандар қазан айында Мәскеуде өтетін VI әлем кубогына қатысады.

 

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ» қауымдастығының президенті Тәжімұрат Найзабеков мәлімдеді.

 

 

«Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ» ұйымы 1997 жылы Ақтау қаласында құрылған. Алғашқы жаттығу жұмыстарын кішкене ғимаратта бастаған қауымдастықтың өрісі кеңіп, қазіргі таңда құрамына 13 облыс мүше.

 

 

Олимпиадалық емес спорт түріне деген жастардың қызығушылығы өте жоғары. Бүгінде Ақтауда осы бағытта өтіп жатқан оқу – жаттығу жиынына Республика көлемінде 400 - ге жуық үміткер қатысуда. Олар үшін мұндай шаралардың берері мол, үлкен шеберлік сабағы іспетті. Өйткені, осы оқу-жаттығу жиынында үздік танылған 45 каратэшы қазан айында Мәскеуде өтетін VI Әлем кубогына қатысады. Әр облыстан іріктеліп алынған чемпиондардың ішінде  4 маңғыстаулық спортшы бар.

 

 

-Қатысушыларымыздың дайындығы өте жоғары деңгейде. Жалпы, осыған дейін өтіп келген әлем кубоктарында Қазақстан құрама  командасы жеңіліс тапқан емес.

 

 

Атап айтсақ, 2017 – жылы қараша айында Индонезияда өткен V әлем кубогінде біздің құрама жүлделі 1-орын алды. Бұл әрине, жаттықтырушыларымыздың ерен еңбегі, -  деді «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ» қауымдастығының президенті Тәжімұрат Найзабеков.

 

«Қазан айында Мәскеу қаласында өтетінVI әлем кубогына 28 елден қатысушылар ниет білдірген. IKO «Kyokushinkaikan Union» халықаралық ұйымы және «Kyokushin Karate Russia» бірлестігі ұйымдастырып жатқан тартысты шараның ашылу салтанатында Жапонияның каратэ шеберлері өнер көрсетпек.

 

Бүгінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы ұлттық құраманың әлем чемпионатына қатысуы үшін қаржы бөліп, қолдау көрсетуде. Отандастарымызға сәттілік тілейміз!!!» - дейді осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Суреттерді түсірген өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему