«Шаңырақ» қоғамдық қоры ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жобаны жүзеге асырмақ
Курс валют в Актау
на 17/11/2019
 
385.7
390.75
 
426.66
431.06
 
5.98
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 19:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Шаңырақ» қоғамдық қоры ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жобаны жүзеге асырмақ

23 Июня 2019 (16:55) | 970 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығында мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және қала тұрғындарының қатысуымен «Шаңырақ» қоғамдық қорының «Отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру» әлеуметтік жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

 

 

«Шаңырақ» қоғамдық қорының басшысы Игілікова Рысгүл:

 

-«Шаңырақ» қоғамдық қоры Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің 2019 жылғы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша «Отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асырмақ.

 

 

Аталған әлеуметтік жобаның басты мақсаты - тәрбиенің бастауы болған әр отбасыда ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

 

Ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қалыптастыру. Сонымен қатар мемлекеттік – әлеуметтік тапсырыс аясында гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында дөңгелек үстелдер, еркін форматта мәдени іс-шаралар, патриоттық тәрбие беру бағытында семинар-тренингтер өткізбек.

 

 

Қазіргі таңда белең алған суицид, соның ішінде жасөспірімдер суициді және жастардың жыныстық тәрбиесі бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып отыр,- деп мәлімдеді.

 

Шараға жиылған Ақтау қаласындағы орта мектептер басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, патриоттық тәрбие беру, жасөспірімдерді халқымыздың салт-дәстүріне сай тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды жас буынның санасында қалыптастыру, осы бағыттағы сан алуан формадағы тәрбиелік мәні зор шараларды ұйымдастыру бойынша өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, түрліше пікірлерін айтумен қатар, өз ұсыныстарын білдірді.

 

 

Жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді ҮЕҰ мен тәрбие-білім беру ошақтары бірлесе атқару туралы уағдаласты. Әр тақырыпқа қатысты тәрбиелік шараларды қай мезгілде өткізу ыңғайлы екені жөнінде өз ойларын ортаға салған педагогтар «Шаңырақ» қоғамдық қорының «Отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен танысты.

 

 

Суреттерді түсірген «Жастар жетістіктері» ҮЕҰ мамандары

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему