Нәрестелерді қауіпті сырқаттан сақтандыру мақсатында түрлі амалдар қолданылуда
Курс валют в Актау
на 20/07/2019
 
383.05
386.34
 
431.15
435.43
 
6.03
6.17
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Июля, 03:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Нәрестелерді қауіпті сырқаттан сақтандыру мақсатында түрлі амалдар қолданылуда

22 Июня 2019 (09:37) | 661 | Автор: Нурганым Имашева

Әлемді жайлаған аса қауіпті кесел АИТВ жұқпасымен біздің елімізде де ымырасыз күрес жүргізілуде. Десек те бұл ауруға қарсы нақты екпе әлі күнге табылмай отыр. Сондықтан АИТВ-ның алдын алу - инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы болып табылады, ал оның нәтижесі әр адамның мінез-құлқына байланысты.

 

 

-АИТВ-ның алдын алудағы ең маңызды бағыттардың бірі - АИТВ жұқпасының тікелей берілу жолының алдын алу, яғни адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы болып табылатын жүкті әйелдердің профилактикалық курстардан өтуі. Бұл терапия жатыр ішінде балаға жұқтыру қаупін мүмкіндігінше төмендетуге бағытталады. Табиғи босанудың орнына ішті жарып алу әдісі, жұқтырылған анадан туған нәрестені жасанды тамақтандыру - бұлардың барлығы АИТВ-ның алдын алу әдістері ,- деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері Жазира Тулепова.

 

-Вирустың деңгейі қанда немесе әйелдің қынаптық секрецияларында неғұрлым жоғары болса, соғұрлым анадан балаға вирустың берілу қаупі жоғары болады,-дейді Жазира Борисқызы.

 

Эпидемиолог дәрігердің айтуынша, «Егер анасында аурудың белгілері болса, онда жұқтыру қаупі жоғары. Анасының өмір сүру жағдайы, яғни, тамақтануы, дем алуы, дәрумендер қабылдауы өте маңызды факторлар болып табылады. Баланың дүниеге келетін уақыт аралығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жұқтыру қаупі аз болады. Ал қабыну немесе ұрық айналасындағы қабықшаның уақытынан бұрын жарылуы жаңа туған нәрестеге АИТВ-ның берілу қаупін арттырады.

 

Көптеген зерттеулер кесарь операциясы кезінде, әсіресе ол ұрық айналасындағы қабықшаның жарылғанына дейін жасалса, баланың АИТВ-ны жұқтыру қаупін төмендететінін көрсетті. Босану кезінде жаңа туған нәрестеге АИТВ инфекциясы жұғып кетпес үшін АИТВ-ның алдын алу жұмыстарын босану кезінде жүргізу керек. Босанып жатқан әйелге және кейін туған нәрестеге дәрі-дәрмектер тек қана жазбаша келісіммен тағайындалып салынады. Әйел босана бастағаннан-ақ алдын алу дәрі-дәрмектерін қабылдауы тиіс.

 

 

Емізу арқылы инфекция жұқтыру қаупі арта түсетіндіктен АИТВ инфекциясы бар әйелдерге баланы емізуге рұхсат берілмейді. Омырау сүтін бөтелкеге құйып беруге де болмайды. Анасы емделіп жатқанына қарамастан, АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелден туған сәбиге жұқтырудың алдын алу үшін дәрі-дәрмектер тағайындалады.

 

Дәрі-дәрмектертерді алғашқы 72 сағат ішінде берудің маңызы зор. Сәбиге вирус жұқтырылған жағдайда вирус алғашқы 3 тәулікте қан айналымында болады, бірақ ДНК жасушасына енбейді. 72 сағаттан кейін қоздырғыш иесінің жасушаларына бекітілетіндіктен жұқтырудың алдын алу тиімсіз болып саналады. Мұндай балалар 18 айға дейін диспансерлік есепте болады. Осы мерзімде балада АИТВ белгілері жоқ болса, диспансерлік есептен шығарылады».

 

Маңғыстау облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде аймақтың емдеу сауықтыру мекемелерінде 5-ПӘК (психо әлеуметтік кеңес беру) кабинеттері бар. №2 Ақтау қалалық емханасында №201 ПӘК кабинеті екінші қабатта орналасқан. Онда жасырын және құпия түрінде еріктілерге АИТВ-ға кеңес беру және тестілеу жүргізіледі. Кеңес беру және тестілеу кез-келген уақытта ақысыз өткізіледі.

 

2019 жылдың бес айы ішінде осы ПӘК кабинетінде 2165 адам қаралып, тестілеуден өтті. Эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдерге сәйкес бес айда әйелдерге кеңес беру бөлімінен 1070 адам АИТВ-ға тестілеуден өтті. Терапиялық және хирургиялық бөлімдерден бес ай ішінде 1771 адам тестілеуден өтті. Жүкті әйелдер кабинет қызметін дұрыс пайдаланар болса, аурудың алдын алуына мүмкіндігі мол.

 

Суреттер stan.kz, atyrauspidcentre.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему