Отбасында туындаған түсінбеушілікті шешуде медиация заңының артықшылықтары өте зор
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 09:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отбасында туындаған түсінбеушілікті шешуде медиация заңының артықшылықтары өте зор

13 Июня 2019 (10:37) | 2075 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балалардың алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз »-деген болатын.

 

 

Медиация - дала заңының заманауи жалғасы іспетті. Себебі, алқа билер қатал жаза кескеннен гөрі, келіспеген екі кісінің қателерін түсініп, сабырға келулерін көздеген. Сонда достық қарым-қатынас, отбасы ауыз бірлігі мейлінше шығынсыз шешіліп отырды. Бұл билердің арыдан ойлауы еді. Сосын сотқа жеткізбей ымыраға келу әдісі 20-шы ғасырдың жартысынан бастап кеңінен қолданыла бастады.

 

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен сот саласын жетілдіруге бағытталған жеті басымдық айқындалды. Олар:

 

1.«Мінсіз судья» – қоғамның зор сеніміне ие болған әділ, бейтарап, тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыруды көздейді.

 

2.«Үлгілі сот» жобасы – сот қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

 

3. «Әділ процесс» – сот процесін әділ әрі қисынды етуді мақсат етеді.

 

4. Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы – дауларды бітімгершілік арқылы шешу мүмкіндіктерін арттырмақ.

 

5.«Сапалы нәтиже» мен «Коммуникациялық стратегия» – сот пен қоғамның ашық диологын қамтамасыз етуді көздейді.

 

6. «Оңтайлы орта» – қоғамның сотқа деген сенімін арттыру мақсатында сыртқы факторлардың жағымсыз ықпалын азайтуды көздейді.

 

7.«Е-сот» – сот жүйесінде IT технологияларды кеңірек қолдануға бағытталып отыр.

 

Осы айтып өткен басымдықтарды жүзеге асыруда Түпқараған аудандық сотымен бірнеше іс-шаралар атқарылды, соның бірі Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы негізінде Түпқараған аудандық әкімдігімен бірлесіп «Отбасы лайф» жобасы дайындалды.

 

Аталған жоба өмірге қалай келді?

 

31 мың 700 халқы бар Түпқараған ауданында 5819 отбасы бар. Оның 1264-і жас отбасы боп есептеледі.

 

Аудан статистикасының мәліметіне сүйенетін болсақ, 2018 жылы 101 неке қиылған болса, сотқа 49 отбасынан некені бұзу туралы талап арыз түскен, демек қиылған некенің 48,5 пайызы отбасылық өмірге дайын болмаған. Алайда сотқа келгенде ажырасуға ниет білдірген отбасылардың 57-60% татуласу арқылы тоқтатылған.

 

 

Осындай азаматтық істермен жұмыс жасау кезінде «Бұл жастардың тоқтау айтар туыстары, ата-аналары, жақын ағайындары, үлкендері қайда?

 

Ел-жұрт ағалары неге үнсіз ?» деген сұрақтар туындады.

 

Және де ажырасқан дұрыс па, тауласып, отбасын сақтап қалған дұрыс па?

 

Ажырасқан отбасындағы балалардың хал-жағдайлары қандай? Әлеуметтік қолдауды қажет етеді ме?

 

Бауыр еті немересін иіскей алмай отырған ата-әжелердің жайы қалай?

 

Соңында ажырасудың нәтижесі – ойран болған отбасы, тірі жетім бала, жалғыз басты еркек пен әйел.

 

Шынында, бар қасірет-осы жерде!

 

Міне, осындай күрделі сұрақтарды талдау нәтижесінде бұл «Отбасы-LIFE» жобасы өмірге келді.

 

«Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» деген дана жұртымыз үшін қай кезде де татулықтың төрі - елдіктің жолы екенін, сот төрелігі, ең алдымен дауға тап болғандардың мүддесін қалпына келтіруші төрелік екенін үнемі есте сақтай отырып, аудандық сот пен аудан әкімдігінің бірлескен бұл «Отбасы-LIFE» жобасын елдікті ойлаған, болашақты уайымдаған ел ағаларының жанайқайынан туған идеялардың жиынтығы, болашақ ұрпаққа қажетті жоба деп қабылдадық.

 

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Түпқараған ауданы бойынша 2019 жыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» конкурсы жарияланып, "Өркениет" қоғамдық бірлестігі осы жобаны ұтып алды.

 

«Отбасы-LIFE» жобасын тәжірибеде жүзеге асыруға дайынбыз, біз бұл жобадан көп үміт күтеміз.

 

Бір отбасын сақтауға, бірнеше отбасын құруға аталған жобаның септігі тисе, біздің үміттің ақталғаны деп білеміз.

 

Е.Бегенов

Түпқараған аудандық сотының судьясы

 

Суреттер astana.gov.kz , astanafm.kz, otbasym.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему