Тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған жоба
Курс валют в Актау
на 20/06/2019
 
381.76
384.8
 
427.05
431.48
 
5.91
6.06
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
20 Июня, 02:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған жоба

12 Июня 2019 (09:48) | 259 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі («МОТҚҚҚ» ҚБ) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Маңғыстау облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» тақырыбында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік грантын іске асыруда.

 

 

-Жоба аясында 2019 жылдың мамыр айында бірнеше шара ұйымдастырылды.

 

Бірінші кезекте тұтынушылар үшін тегін заң кеңестері берілді. Жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері, яғни 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Ұйым Маңғыстау облысының 78 тұтынушысына кеңес берді. Кеңестер түрлі сипатта болды: сапалы және сапасыз тауарды сатып алу, сапасыз қызмет көрсетілуіне қатысты, ТҮШ мәселелері, банк қызметін алу кезіндегі заңбұзушылықтар және т.б.

 

 

Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы колледждердің жоғарғы курстарының студенттеріне арналған тренингтер өткізілді. Тренингтерді өткізудегі мақсат - Маңғыстау облысы тұрғындарының тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы құқықтық сауатын арттыру,- деп мәлімдеді «Маңғыстау облыстық тұынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Никар Рафикова.

 

 

Осылайша, грантты алушы «Тұтынушылар құқығын қорғаудың негізгі құралдары және оларды тәжірибеде қолдану» тақырыбындағы Маңғыстау облысындағы колледждердің студенттеріне арналған 6 тренингті ұйымдастырды. Аталған шараларды өткізу кезінде Маңғыстау облысының Білім басқармасы серіктес болды.

 

· 26 сәуір және 6 мамыр 2019 жылы Ақтау қаласындағы «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК және «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК екі тренинг өтті.

 

· 14 мамыр 2019 ж. – Қарақия ауданының Құрық кентіндегі Қарақия кәсіби колледжінде.

 

· 17 мамыр 2019 ж. – Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде, Маңғыстау техникалық колледжінде.

 

· 21 мамыр 2019 ж. – Түпқараған ауданының Баутино кентінде, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде.

 

· 24 мамыр 2019 ж. – Жаңаөзен қаласында Медициналық колледжде.

 

 

Әрбір тренингке 25 студент қатысты. Тренинке қатысушылар Маңғыстау облысындағы тұтынушылар құқығын қорғаудың қазіргі ахуалы, бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің ҚР заңнамасымен көзделген негізгі тетіктері туралы мәліметтермен таныс болды. Тренингтер аясында студенттердің алған теориялық білімдерін бекемдеу мақсатында олардың өздерінің қатысуымен орындалған практикалық тапсырмалар берілді. Осының арқасында қатысушылар тұтынушылар құқығын қорғау саласында біраз білім алып, түсініктерін кеңейтті. Нәтижесінде олар өздерінің тұтынушы ретіндегі құқықтарын қорғай алатын болды. Мүмкіндікті қалт жібермеген студенттер заңгер-мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

 

 

Сондай-ақ, тренингке қатысушылар тұтынушылар құқығының бұзылуына қатысты бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің бір тетігі болып табылатын қазақ және орыс тіліндегі шағым берудің 7 үлгісін алды. Сонымен қатар, әрбір қатысушыға орыс тіліндегі «Защити свое право потребителя», "Өз құқығыңды қорға" деп аталатын буклеттер таратылып берілді.

 

Оқыту тренері Рафикова Никар Маликовна болды. Тренингтер орыс тілінде жүргізіліп, қазақ тіліне аударылып отырды. Аудармашылық қызметті Имашева Нұрғаным Меңдіғалиқызы атқарды.

 

-Жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік грант туралы ақпаратты жұртшылық Бірлестіктің www.zashitaprav.kz сайтынан және Facebook, vkontakte, instagram әлеуметтік желілерінен көріп таныса алады.

 

Сонымен қатар, WhatsApp желісіндегі 87010333200 номеріне «Маңғыстау тұтынушылары» («Потребители Мангистау») чатына тіркелу арқылы мағұлмат алу мүмкіндігі бар.

 

Қосымша ақпаратты 87010333200, 8(7292)333200 телефондарына хабарласу арқылы алуға болады,- дейді «МОТҚҚҚ» ҚБ президенті Н. Рафикова.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему