Медиация - мәміле алаңы
Курс валют в Актау
на 06/08/2020
 
417.49
422.14
 
492.7
498.39
 
5.59
5.83
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
6 Августа, 15:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медиация - мәміле алаңы

5 Июня 2019 (10:02) | 1479 | Автор: Нурганым Имашева

«Дау мұраты-бітім» дейді халық даналығы. Атам қазақ «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш деген». Осыдан асқан кемеңгерлік бар ма?! Біле-білгенге кешірім, түсіністік пен келісім, парасат –заңнан да ізгі.

 

 

Билер сотын кемеліне келтіре зерттеп, артына «Қазақтың билер соты-бірегей сот жүйесі» деп аталатын бірнеше томдық құнды мұра қалдырып кеткен қазақтың осы заманғы ғажап ойшылы, ғалым-заңгер, академик Салық Зиманов:

 

-Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың құрамдас бөлігіне – алтын бетіне және болашақта жалпы өркениеттің мұрасына айналар деген үмітім бар... Уақыт өте келе қазақ құқығы әлемдік өркениеттің құқықтық жүйелерінің ішінен лайықты орын алатындығына сеніммен қараймын,-деген екен.

 

Даналықтың өміршеңдігі, жасампаздығы, сабақтастығы мен үндестігі дегенің осы. Билер дауды шешкенде әуелі елдің заңдарын, қала берді, құдіреті ел ішінде заңға теңесетін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, әділдік қисындарын басшылыққа алып отырған. Әділ шешімді қиыннан қиыстырып, жалпақ жұртты кемеңгерлігіне жүгіндерген. «Бітім» - екі жақтың өзара келісімге келіп, сөз жүзінде даудың аяқталуы.

 

Аталған заңның қолданысқа енуі - еліміздегі құқықтық саясатты ізгілендіруге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мен түрлі шиеленіскен дау-жанжалдардың түйінін бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі таңда, дауларды соттан тыс шешуге машықтанған медиаторлардың жұмысы бір жүйеге келіп, ел арасында сот шешімінсіз шешілген дау-жанжалдардың көрсеткіші артып келеді.

 

Жалпы алғанда, елімізде медиация институтының дамуына пәрмен беретін заңдық тетіктер толық жасалған. Медиацияның басты мақсаты-дауласқан тараптарды бейбіт келісімге келтіру. Мұнда тараптар сот өндірісіндегідей «кінәлі» немесе «кінәсіз» деп бағаланбайды.

 

Басқаша айтқанда, медиация жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Тарихқа көз жүгіртсек, ел ішінде тентегін тезге салып, тұрмыстық қарым-қатынаста туындаған түрлі дау-жанжалдарды байырғы билеріміз тараптарды татуластыру арқылы шешіліп келгеніне куә боламыз. Медиация заңының қолданыс аясы кеңейіп, дауларды шешу кезінде тараптарды бітімге келтірудің берекелі жолы қалыптасса, біздің жеңісіміз болмақ.

 

Айта кетер жайт, соңғы жылдары сот саласында жасалып жатқан жаңашылдықтар сот саласындағы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне түрткі болды. Мәселен «Сотсыз татуласу орталығының» жұмысына арқау болып отырған жеті түйіннің бірі - медиация бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.

 

Дамыған елдерде даулардың 70-90 пайызы сотта татуласумен аяқталады. Қазақтың билер сотының көздегені де тараптарды татуластыру болатын. Міне, осыдан келіп «дау мұраты-біту» деген қанатты сөз қалған.

 

 

Ата баба жолын ұстанып, рухани жаңғыру негізінде қайта оралып отырған осынау дәстүрдің тиімді жүзеге аса бастауы қуантпай қоймайды. Жоғары Сот Азаматтық процестік кодекс қабылданған кезден бастап бітімгерлік тәсілдерді жетілдірумен айналысып келеді. Тұтастай алғанда, бұл институттың тиісті заңнамалық базасы жасалған. Бүгінде Жоғарғы Сот әр алуан факторларды зерделей келе, медиация мен бітімгерлік шараларын ынталандыруға кірісті. Қазіргі таңда бірқатар істердің санаттарын сотқа жеткізбей шешу мақсатында нақты шаралар қабылданған.

 

Жалпы алғанда, сот жүйесінде атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты - соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру.

 

Сонымен қатар, 2018 жылы қалалық соттың ғимаратында «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасын іске асыру мақсатында VIІ- «Татуласу: Сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында азаматтарды татуластыру арқылы дауларды шешу үшін медиация кабинеті ашылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 мамырынан бастап татуластырушы судья қалалық соттың төрағасының өкімімен бекітіліп өз қызметін бастап, оның нәтижесінде 21 талап арыз сотқа дейін тараптардың татуласуы арқылы аяқталды.

 

Ал, қалалық соттың статистикалық есебіне сүйене келсек, ағымдағы жылдың бес айында медиация тәртібімен 24 қылмыстық және 115 азаматтық іс қаралып аяқталған.

 

Өз сөзімді қорытындылай келе, «Медиация» азаматтар арасында қарым-қатынасты нығайтуға, талас-тартыс деңгейін төмендетуге,

тараптардың бір-біріне деген қарым-қатынас мәдениетінің, этикасының жоғалмауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің көбеюіне әкеледі делінген сенім екендігін айтып өткім келеді.

 

Танибике Тұнықбаева

Жаңаөзен қалалық сотының

кеңсе меңгерушісі

 

Сурет автордыкі және Tengrinews, Zakon. kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему