Қазақстанда 5 ауру түрінен қауіп бар
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 05:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстанда 5 ауру түрінен қауіп бар

16 Мая 2019 (09:33) | 1533 | Автор: Нурганым Имашева

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемдегі әрбір оныншы өлімнің жетеуіне диабет, обыр мен жүрек аурулары себеп болады. Мамандар бұл аурулардың көбейіп кетуін қазіргі адамдардың өмір салтымен байланыстырады. Айтуларынша, мұның бәрі спортпен шұғылданбау, шылым мен спиртті ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және ауаның шектен тыс ластануының салдары.

 

 

Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда негізгі деген аурулардан 19,3 мың адам көз жұмған. Оның 7,5 мыңға жуығы – еңбекке қабілетті жастағылар. Халқының саны 18 миллионнан аспайтын еліміз жыл сайын «тепсе темір үзетін» 7,5 мың тұрғынынан айырылып отырады. Мамандар пікірінше, бұған өлім-жітімнің басты себепкері делінетін негізгі 5 аурудың ықпалы мол.

 

Мысалы, өткен жылы:

 

1. жүрек-қан тамыры ауруларынан – 9,7 мың адам;

 

2. ас қорыту жүйесі ауруларынан – 2,8 мың адам;

 

3. түрлі оқыс оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан – 2,7 мың адам;

 

4. онкологиялық сырқаттардан – 2 мың адам;

 

5. тыныс жолдары ауруларынан – 1,9 мың адам көз жұмған.

 

Сол себепті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) сарапшылары дер кезінде аурудың алдын алуға кеңес береді. Өйткені қайтыс болған науқастардың басым бөлігінің өліміне дәрігерге өте кеш қаралуы себеп. Дер кезінде аурудың алдын алып, тегін бақылаудан өткен жағдайда, олардың өмірін сақтап қалуға болар еді,- дейді мамандар.

 

-2020 жылдан бастап енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қымбат медициналық зерттеулер мен ірі трансплатицалық операцияларды тегін жасатуға кепілдік береді. «Сақтандырылған азаматтар МӘМС жүйесі енгеннен кейін учаскелік дәрігердің нұсқауымен магнитті-резонансты томография (МРТ), КТ сияқты қымбет зерттеулерден тегін өте алады, сондай-ақ бүйрек, бауыр, жүрек ауыстыру сияқты күрделі оталарды ақысыз жасататын болады, - дейді «ӘМСҚ» жергілікті филиалының бас сарапшысы Аянгүл Жұмаш. Аталған қор алдағы уақытта аурудың алдын алу мәселесіне басымдық беруді жоспарлап отыр.

 

 

Тағы да бір айта кететін жайт, адамзатқа дәрі-дәрмекке бейімделген супербактериялар да қоғамға қауіп төндіріп тұр. Қазіргі таңда осындай бактериялардан пайда болған аурулардан жыл сайын 700 мыңға жуық адам көз жұмады.

 

Дәрігерлердің айтуынша, дәріге төзімді микроорганизмдердің көбеюіне тұрғындардың антибиотикті шектен тыс, оңды-солды пайдалануы себеп. Ал, адам антибиотикті қанша көп пайдаланса, оның тиімділігі де соншалықты төмендейтінін көпшілік ескере бермейді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотиктерді пайдаланғанда абай болуға шақырады.

 

Суреттерді ұсынған: өңірлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему