«ЖАСТАР ҮЙІНДЕ» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
26 Апреля 2019 (13:09) | 3078 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жастары ұдайы жұмыссыз азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырады.
Бүгін де қоғам үшін пайдалы іс-шараны Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып өткізген жастар бос орындарға мамандар іздейтін мекемелермен байланыс орнату арқылы оларды аталған шараға жұмылдырды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қала аумағында орналасқан 18 кәсіпорын мен мекеме қатысып, 165 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеде еңбек нарығында білім және медицина, әлеуметтік, сервистік қызмет көрсету, техникалақ сала мамандарына сұраныс жоғары екендігі анықталды.
«Кеңес алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында әр қатысушыға әртүрлі сала мамандарынан жеке консультация алу, жұмыссыздың анкетасын толтыру және enbek.kz сайтында Электрондық еңбек биржасына түйіндеме қалдыруға үйрену мүмкіндігі берілді. Жастар тарапынан жұмыссыз азаматтарға жедел түйіндеме жазуға, шығаруға өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалды.
Айта кетейік, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасы болған «Кеңес алаңы» жобасы - жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке кеңес беріп, практикалық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылып келеді.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему