Маңғыстаулық өрт сөндірушілер өрт сөндіру жеңдерін сынақтан өткізді
20 Апреля 2019 (12:58) | 3964 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, «Ең күрделі ТЖ-ды талдай отырып, әрбір ТЖ-ды жою кезінде суды беру үшін барлық техникалық құралдары бар салқындату және сөндіру орындарын іске қосу талап етілетінін атап өткен жөн. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өрт сөндіру бөлімшелерінде ірі өрттерді сөндіру және су тасқыны салдарын жою үшін сорғы қондырғысын нақтылы бере отырып, өрт сорғы станциясы (ПНС) қолданылады. ПНС-те үлкен қашықтықта өрт сөндіргіш заттарды беруді қамтамасыз ету үшін диаметрі 80 мм және 150 мм тегеурінді түтік құбырларын төсеу қажет. Ол үшін диаметрі 77 мм түтік құбыры 660 метрге дейін және диаметрі 150 мм түтік құбыры 1340 метрге дейін шығаратын АР-2 түтік құбыр автокөлігі қолданылады».
-Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері АР-2 (ЗИЛ) түтік құбыр автокөліктің көмегімен бекітілген ПНС-110 (ЗИЛ) өрт сорғы станциясынан диаметрі 150 мм өрт сөндіру түтік құбырларына сынақ жүргізді, сондай-ақ газсумен сөндіру автокөлігінің (АГВТ) жұмысы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер барлығы диаметрі 150 мм 200 қысымды түтік құбырын, диаметрі 200 мм 2 сорғыш түтік құбыры және диаметрі 150 мм 2 сорғыш түтік құбырын сынады.
Сынақ қысымының әсерінен болатын түтік құбырларды өрт сөндіру жалғау бастиектеріне байлау орындарында ауа кірмейтіндей болуы тиіс.
Сорғыш түтік құбырдың ауа кірмейтіндігіне сынақ жүргізу кезінде мынадай іс-әрекеттер орындалады: түтік құбырдың бір ұшы қысым көзіне қосылады, екіншісі ауа шығару үшін шүмегі бар бітеуішпен жабылады, бұл ретте түтік құбырдың жыртылу, тұрақты кебулер және шық түрінде суды сору болмауы тиіс. Гидравликалық сынаққа төзген түтік құбырлар кептіріледі және жауынгерлік есепке қойылады.
Пайдаланудағы өрт сөндіру түтік құбырларын әрбір сыртқы тексеруден өтпеген жағдайда және жөндеуден кейін, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына жылына екі рет маусымдық қызмет көрсету кезінде сынақ жүргізіледі,- дейді осы ақпаратты жолдаған баспасөз қызметінің мамандары.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему