Маңғыстаулық құтқарушылар: оқу-жаттығуда - қиын, шайқаста - жеңіл
Курс валют в Актау
на 19/04/2019
 
377.27
381.05
 
426.33
430.91
 
5.83
6
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 01:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар: оқу-жаттығуда - қиын, шайқаста - жеңіл

12 Апреля 2019 (14:54) | 476 | Автор: Нурганым Имашева

Оқу-жаттығуда қиын, шайқаста жеңіл. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу мұнай базасында өтті. Өрт сөндірушілер мұнай өнімдерін сөндіруді игерді. Өрт қиындығы ең жоғары деңгейде болды.

 

 

10 сәуірде Ақтау қаласында "Компания Щугыла" ЖШС мұнай базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оған Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 65 жеке құрамы мен 9 бірлік өрт сөндіру техникасы қатысты.

 

Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша резервуардың ішіндегі құрылымдарда пирофорлық шөгінділердің өздігінен жануы, резервуардың шатырын жұлып алған жарылыс және дизель отынының жануы болып табылады. Одан әрі, өрт №15 резервуарға тарайды, оның қабырғалары қызады. Өрттің көрші №11,16,17 резервуарларына таралу қаупі туындайды.

 

 

Мұнай базасының қызметкерлері өртті тауып, ол туралы 101 телефоны арқылы күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабарлайды. Нысанның кезекші қызметкерлері қызметкерлерді эвакуациялауды, сондай-ақ нысан аумағына кіреберіс жолдарды босатуды және өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастырып өткізді. Алғашқы құралдармен өртті сөндіру мүмкін болмады. Өрт тез таралды, жану қатты түтінмен жүрді.

 

ТЖ орнына өрт сөндіру бөлімшелері келіп жетті, өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің негізгі кезеңі жанып жатқан және көрші резервуарларды өнімділігі жоғары оқпандармен, атап айтқанда, көбік шабуылын өткізгенге дейін лафетті және «А» қол оқпандарымен салқындату үшін өрт сөндіру құралдарын үздіксіз беру болып табылады. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында мұнай өнімдерінің төгілуі мен шығарылуын және өрттің көрші резервуарларға одан әрі таралуының алдын алып, сәтті аяқталды. Көбік шабуылынан кейін өрт оқшауланып, жойылды.

 

 

"Осындай ауқымды іс - шараны өткізу орны кездейсоқ таңдалмаған, – деді қызмет бастығының орынбасары Хаям Анверович - мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлық парк - Ақтау қаласындағы аса қауіпті нысандардың бірі. Осындай іс-шаралар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне өрт сөндіру сапасын, мұнай өнімдерін сақтау және өңдеу нысандарында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу барысында бірінші кезекте өрт сөндіру бөлімшелері мен нысан қызметкерлері арасында өзара іс-қимылды жолға қою маңызды болды, себебі мұнда барлық Ақтау гарнизонының күштері мен құралдары тартылды".

 

-Осындай өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты - өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер мен нысан қызметкерлерінің іс-әрекеттерін практикалық орындауға дайындығын тексеру болып табылады,- деп хабарайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему