Жұмысқа қайта орналастырған сот алқасына алғыс білдірді
Курс валют в Актау
на 18/07/2019
 
382.66
385.88
 
429.43
433.93
 
6.02
6.16
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Июля, 18:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмысқа қайта орналастырған сот алқасына алғыс білдірді

12 Апреля 2019 (09:38) | 563 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асановтың атына Ақтау қаласының тұрғыны Қыдыржан Тулесиновтан алғыс хат келіп түсті.

 

 

Алғыс хатта Қыдыржан Тулесинов отбасының жалғыз асыраушысы екенін, әр ай сайын 400 000 теңге несие төлейтінінін назардан тыс қалдырмай, талап арыздың мәнжайын толық және жан-жақты зерделеп, дұрыс шешім шығарып, жоғарғы деңгейдегі кәсіби біліктілік көрсеткен Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашевқа, судьялар Гүлажар Бақытжановаға, Бекзат Шоқановаға (қазір отставкада) шексіз алғысын білдірген.

 

Аталған іс бойынша , 04 наурыз 2013 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ мен Қ.Тулесинов арасында еңбек шарты жасақталып, 26 желтоқсан 2012 жылдан бастап, қызметкер тиеу-түсіру жұмыстарының шебері қызметін атқарып келген. 06 қыркүйек 2017 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның материалдық техникалық жабдықтау базасы аумағында арқан ілдірушімен жазатайым оқиға орын алып, оның салдарынан Қ.Тулесинов жұмыстан босатылған.

 

 

Осыдан соң Қ.Тулесинов Ақтау қаласының №2 сотына талап арыз беріп, жауапкер «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бұйрығының 3-бөлігін заңсыз деп танып, бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын, оған тиісті басқа да көтермелеу сыйақыларын төлеуге міндеттеуді сұраған. Ақтау қаласының №2 сотымен оның талабы қанағаттандырудан бас тартылған.

 

-Сот шешімімен келіспеген Қ.Тулесинов Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына шағым келтіріп, өз талабын дәлелдейтін нақты дәйектер мен құжаттар ұсынады. Нәтижесінде, сот шешімінің күші жойылып, сот алқасы «Қаражанбасмұнай» АҚ бұйрығының 3-бөлігін заңсыз деп танып, Қ.Тулесиновты бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын, оған тиісті басқа да көтермелеу сыйақыларын төлеуге міндеттеу туралы сот қаулысын шығарады. Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүріп, банк алдында қарызға батқан азамат әділ сот төрелігіне разылығын білдіріп, қайта жұмысқа орналасты,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему