Маңғыстаулық өрт сөндірушілер ″АИТВ/ЖИТС –тің алдын алуға ұмтылуда
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 15:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өрт сөндірушілер ″АИТВ/ЖИТС –тің алдын алуға ұмтылуда

11 Апреля 2019 (11:24) | 1635 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр жұмысы қызметкерлері "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының" (МОО) мамандарын өрт сөндірушілермен кездесуге шақырды.

 

МОО маманы Жаңылсын Таңатарова өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын өрт сөндірушілер үшін "АИТВ-инфекциясының алдын алу. АИТВ туралы аңыздар. АИТВ-ның берілу жолдары" тақырыбында дәріс оқыды.

 

Жанылсын Таңатарова өрт сөндірушілерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді: АИТВ бойынша статистикалық мәліметтер, АИТВ диагностикасы, АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бастапқы сатысындағы "терезе кезеңі" туралы; АИТВ-мен ауыратын адамдардың қалай өмір сүруі, тексерілу барысы, емделуге жолдама; АИТВ-ға тексерілу және жақындарының денсаулығына қамқорлық жасау маңыздылығы туралы айтылды.

 

Іс-шараны өткізу кезінде барлық ниет білдірушілерге АИТВ-ға тест тапсыру ұсынылды. Мамандар адамзаттың жаһандық проблемасы – АИТВ-ға немқұрайлықтың белгісі ретінде буклеттер мен парақшаларды қызметкерлерге өздерімен бірге алып жүруді ұсынды.

 

 

-Адамдар бір-бірін өзін-өзі қорғау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау тәсілдеріне үйрету керек. Осы іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі "ол бір алыс жерде" емес, шын мәнінде бар және әрқайсымызға қатысты болуы мүмкін, – дейді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Анверович.

 

Айта кету керек, бүкіл ел бойынша АИТВ жұқтырғандардың санының өсіп келе жатқан ескере отырып, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру аса маңызды.

 

-Инфекцияға қарсы негізгі қару - алдын алу және ерте диагностикалау болып табылады. АИТВ – оң нәтижелі адамдар вирусты жұқтырудың бірінші күнінен бастап бере алады, сондықтан жылына кемінде бір рет АИТВ-ға қан тапсыру маңызды, - деп мәлімдейді осы шара туралы біздің басылымға хабарлаған Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему