Үш ауысымдықты жою үшін ауданда  жыл сайын 6-7 мектеп салынуы керек
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үш ауысымдықты жою үшін ауданда жыл сайын 6-7 мектеп салынуы керек

9 Апреля 2019 (12:12) | 4985 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтиазаров айтты.

 

 

Мұнайлы ауданында 15 мектеп және 1 лицей бар, онда 30 845 бала білім алады. Өткен жылы Басқұдық, Қызылтөбе ауылдық округтерінен әрқайсысы 600 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

 

Биыл облыстық бюджеттен Батыр ауылдық округінен 960 орындық мектептің және Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округіндегі қолданыстағы мектеп құрылысына әрқайсысы 320 орындық мектептердің қосымша құрылыс жұмыстарын бастауға қаражат бөлінді.

 

Мұнайлы ауданында апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ, алайда үш ауысымда сабақ өткізетін 3 мектеп (Атамекен №7 о/м, Басқұдық №9 о/м, Батыр №10 о/м) бар. Бүгінгі күні оқушы орнының жетіспеушілігінің басым бөлігі Басқұдық, Батыр, Атамекен, Маңғыстау ауылдарында және Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінде болып отыр.

 

Қазіргі таңда, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінен 1200 орындық, Маңғыстау ауылы мен Бесшоқы тұрғын үй массиві аралығына 1200 орындық, Басқұдық ауылдық округінен 600 және 1200 орындық, Батыр ауылынан 1200 орындық мектеп құрлысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

 

 

-Білім және ғылым министрлігінің «Жекеменшік әріптестікті дамыту туралы» бұйрығына сәйкес Басқұдық ауылдық округіндегі «Автодром» ЖШС-не тиесілі жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін қайтару бойынша Ақтау қаласының әкімдігіне ұсыныс жолданып, Ақтау қаласы әкімінің жерді қайтару туралы қаулысы қабылданды. Қазір жеке инвесторлардың қаржысына Атамекен, Басқұдық ауылдарынан 600 орындық мектеп салу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды.- өңірлік коммуникациялар қызметі Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтиазаровтың мәлімдеуіне сүйене отырып.

 

Суреттер inform.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему