Ақтаудағы «Отбасы орталығы» жұмысын бастады
8 Апреля 2019 (12:14) | 2065 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында жақында ғана Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында арнайы «Отбасы орталығы» ашылған болатын.
Аталған орталықта Маңғыстау облыстық сотының судьясы Мұрат Әубәкіров судья-медиаторлармен бірге отбасылық психолог, кәсіби медиатордың қатысуымен ерлі-зайыптыға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысы барысында үш баланың анасы жұбайы жұмыс істемейтінін, отбасын материалдық қамтамасыз етпейтінін, осыған байланысты некені бұзу туралы сотқа талап-арыз беруге ниетті екенін айтты.
Әңгіме барысында медиатор-судьялар, кәсіби медиатор және отбасылық психолог тиісті көмек көрсетіп, бар мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша ерлі-зайыпты некені бұзу туралы сотқа талап арыз бермеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, «Отбасы орталығына» алдын-ала жазылу бойынша тағы бір ер азаматпен әңгімелесу жүргізілді. Ол сегіз ай бұрын жұбайымен ажырасқанын, жағдайына байланысты ол көшіп басқа қалаға кеткендіктен балаларын көруге мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы Лариса Шамғонова оған балалармен қарым-қатынас мәселесін соттан тыс тәртіппен шешу жолдарын түсіндірді.
Қорыта айтқанда, "Отбасы орталығына" келген әрбір адамға медиаторлар, кәсіби мамандар басындағы мәселелерді шешу бойынша тиісті заңдық, психологиялық және моральдық көмек көрсететінін атап өткен жөн.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему