Әжелер байқауы болып өтті
Курс валют в Актау
на 21/06/2019
 
379.96
383.16
 
427.36
431.85
 
5.9
6.06
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
21 Июня, 02:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әжелер байқауы болып өтті

12 Марта 2019 (13:12) | 690 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен көктем мерекелеріне орай, «Әжелер байқауы» болып өтті. Мешіттің әйел жамағаты мен арнайы шақырылған қонақтар «Tashim» мейрамханасындағы қазақи ою-өрнектермен нақышталған киіз үйге жиналды. Дін мен дәстүр сабақтастығына арналған шара барысында ақ жаулықты, алтын құрсақты аналар-бүгінгі әжелер ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар бойынша білімдерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті.

 

* Бұл- дін мен дәстүр сабақтастығын мақсат еткен алғашқы шара емес. Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде былтыр «Ислам және отбасы жылы» аясында бірқатар танымдық шаралар өткізілген болатын. Биыл да отбасы құндылығы мен салт-дәстүрлерімізді тақырып ететін басқосулар өткізуді жоспарлап отырмыз. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың асыл дінімізбен сабақтастығын көрсету арқылы мешіт жамағатына игілік пен мейірімділік, имандылық пен адамгершілікті насихаттау,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.

 

Таныстыру, сұрақ-жауап, бата беру, жарысқазан және шебер әже атты 5 турдан құралған сайысқа 10 әже қатысты. Ақ жаулықты аналар, данағой әжелердің барлығы да мешіт жамағаты саналады. Бәрі де Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің жанындағы сауат ашу курстарының шәкірттері. Солардың бірі – 80 жастағы Қамила Сымғалиева. Ардақты ана, аяулы әже мешітте қасиетті Құран Кәрімнен сабақ алып жүр. Ал, 66 жастағы Балым Қосаева 12 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, 22 немеренің, 3 шөберенің сүйікті әжесі. Белсенді ана күні бүгінге дейін қызметтен қол үзбеген, спортпен айналысады.

 

 

* Мерекелік сайыс керемет өтуде. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері- біздің өміріміздің бір бөлшегі десем, артық айтпаған болар едім. Құда түсу, келіннің бетін ашу, шілдехана, тұсаукесер рәсімдерін бүгінгі өмірде сол қалпынан айнытпай қолдану, жас ұрпаққа үйрету- біздің міндетіміз,-дейді сайысқа қатысушы Қамила Сымғалиева.

 

Сайыс барысында келін түсіру, беташар, сәлем ету, сыңсу сынды қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Әжелер жастарға бата беріп, жарысқазан, сәлем ету және жеті шелпек тарату ырымдарының мәнісін түсіндірді. Сондай-ақ, ұршық иіріп, өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарын көрсетті. Шара соңында барлық әжелерге Ақтау қалалық Бекет ата мешіті атынан сыйлықтар тапсырылып, мерекелік дастархан жайылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің

баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттерді түсірген Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің

баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему