Маңғыстауда мемлекеттік тапсырысты 26 жеке меншік клиника орындап жатыр
27 Февраля 2019 (14:51) | 1961 | Автор: Нурганым Имашева
Аймақтағы ірі жеке меншік клиникалар биыл да Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен (МСҚ) ынтымақтасып жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда МСҚ жергілікті филиалы 2019 жылы 26 жеке меншік клиникамен келісімшарт бекіткен. Бұл туралы брифингте МСҚ облыстық филиалы директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
Айтуынша, биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейді. Олар кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне енген қызметтерді ғана тіркелген тұрғындарға тегін көрсетеді. Алайда, бұл жеке меншік клиника халыққа толығымен тегін қызмет көрсетеді деген сөз емес. Жеке меншік клиникалар ақылы қызмет беруін тоқтатпайды.
Суреттерді түсірген МСҚ облыстық филиалының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему