Тергеушінің тегеуріні мықты болуы керек
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 21:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тергеушінің тегеуріні мықты болуы керек

23 Февраля 2019 (18:08) | 10455 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі мақаламыз маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген тергеушіге арналмақ. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді аса сақтылықпен құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, ҚР заңына сүйене отырып, тергеу амалдарын жүргізеді.

 

 

Тергеуші мамандығы қашан да шынайылық пен төзімділікті, сауаттылықты талап еткен. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы, Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, істі жан-жақты зерттейді. Адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымау кез-келген адамның қолынан келе бермейді де.

 

Тергеу қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушінің әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қым-қуыт оқиғамен өріліп жатады. Ал, полиция қызметінде тергеушілік ісіне ғұмырын арнаған жеке адамдардан бөлек, тұтастай бір әулеттер де аз емес.

 

Бүгінгі таңдағы осындай жігерлі мамандарымыздың бірі - Көңілімқос Жанболатұлы Нұржан. Жас маман тергеу саласында бірнеше қылмыстық істі тергеген, білікті маман иесі.

 

-Осы мамандықты таңдауға кімнің ықпалы тиді?

 

- Мен мектепті бітірген соң, көп ойланбастан осы мамандықты таңдадым. Оның маңыздылығы мен халыққа жақындығы мені қызықтырды.

 

2014 жылы Қарағанды қаласы «ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының» жоғарғы оқу орнына түсіп, мамандық таңдаудан қателеспей, ата-анамның дұрыс бағыт-бағдарымен 2018 жылы «ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын» бітіріп, «лейтенант» шені мен «Құқық қорғау қызметі» мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда Ақтау қаласы Полиция басқармасында Тергеу бөлімінің «тергеуші» лауазымында қызмет атқарып келемін.

 

Тергеу ісінің ыстығына күйіп, суығына тоңған майталман әріптестерімнен тәжірибе жинақтадым. Алдыңнан түрлі санаттағы қылмыстық істердегі күдікті қылмыскермен тілдескенде бірінші кезекте қаталдық пен әділдікті және талапшылдықты сезінесің.

 

Көпшілігі өздері істеген қылмыстарын мойнына алмайды. Жасаған қылмысты мойындату үшін нақты айғақтар мен дәлелдер тауып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарымен тергеп, әрбір істі терең әрі тиянақты зерттегенде ғана, істің соңғы нүктесі қойылады», – деп аға тергеуші Көңілімқос Жанболатұлы өзінің қызметтегі алғашқы қадамы туралы қысқаша айтып өтті.

 

Бүгінгі күні қоғамдағы тәртіп пен берекені бұзып, айналаны дүрбелеңге салатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар қатары жеткілікті екені сіз бен бізге мәлім. Ал, қылмыскерлердің жасаған қылмысының ақ-қарасын ажыратып, кінәлілерді анықтап, қоғам тыныштығын күзету жолында қызмет ететін тергеушілердің еңбектері ерен деп айтсақ артық болмас.

 

Тәжірибе мен біліктілікті тең ұстап, әділдіктің ақ жолынан таймау, алдыңа келген әр жанның шынайы бет-бейнесін тану, психологиялық қарым-қатынасты бағыттай білу кез-келген заңгердің қолынан келе бермейтін ауыр да жауапты іс. Біз әрқашан қызметте тәжірибе алмасып, тығыз байланыста қызмет атқарамыз. Әрбір жауапты істі жауапкершілікпен нәтижелі аяқтауға асығамыз.

 

- Қандай жедел қылмыстың түрін аштыңыз?

 

-Сотталушы 2018 жылы өзінің екі танысымен кездесіп, өзінің күзетші болып жүрген танысының букмекерлік кеңсесін кезекшілігі кезінде, адам азайып, кеңседе тек қызметкерлер қалған уақытта белгі беріп, тонауға келіскен. Ал екі сыбайласы суық қарумен беттеріне бетперде киюмен кеңсеге кіріп, сыбайлас топ құрып, ақша тонауға келіскен.

 

Кеңседе тек ішкі қызметкерлер қалғанда, қасақана пайдақорлық ниетпен, алдын-ала сөз байласқан уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында өзінің таныстары арасындағы келісімдері бойынша жоспарлаған букмекерлік кеңсеге келіп, ұялы телефоны арқылы екі сыбайласын кеңсеге шақырған.

 

Бетпердемен кеңсеге кіріп келіп, келіскендей сыбайлас күзетшіге өтірік соққылар жасап, жерге құлатып, кеңсе ішіндегі қызметшілерді суық қарумен қорқыту арқылы, кассадан 110.000 теңге қаражатты жымқырып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен.

 

Ақиқатына көз жеткізу үшін өзіме тапсырылған жауапты бұл қылмыстық іске жүйелі талдау жасап, жедел тергеу ісін бастадым. Көп ұзамай күдіктілер айқындалып, тергеуге алынып, мойындау жауаптарымен 3 күдікті өздерінің қасақана қылмыстық іс-әрекетімен ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген - қарақшылық, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы мен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне не денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен шабуыл жасаған делініп, қылмысты жасаған деп айыпталалып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл қылмыстық іс 1 ай мерзімде ашылды.

 

Бүгінде жас та болса тергеуші Көңлімқос аса маңызды қызметтің қызу ортасында жүріп, бірнеше қылмыс бойынша тергеу амалдарын жүргізгені жөнінде әңгімеледі.

 

– Тергеуші ретінде қандай талаптарды ұстанасыз?

 

– Әдетте, тергеуші өзінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде үш арнадан бастау алады. Біріншісі – процессуалдық нормалар. Екінші – тактикасы, тергеуші қылмысты із суытпай тез арада ашып, кінәліні анықтау мақсатында өзінің тактикалық жүйесін, әдіс-тәсілін күні бұрын анықтап қоюы керек. Ал, үшіншісі – әдептілік қағидалары. Тергеушілердің тегеуріні мықты болуы керек.

 

Қылмыс атаулыны құрықтап, қылмыскерді іздеп тауып, олармен бетпе-бет тілдесетін, бар кінәсін бұлтартпайтын айғақтармен мойындататын маманның бірі – тергеуші. Тергеуші мамандығы қызметте сауаттылық пен білімділікті, ой ұшқырлығы мен төзімділікті талап етеді.

 

Тергеушінің негізгі қағидаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң шеңберінен аспауы керек.

 

Басқаша айтқанда, қылмыстық істі тергеудегі басты кейіпкер – тергеуші. Сондықтан, біз ең алдымен адамның жан дүниесін әбден біліп алуға міндеттіміз. Ал, тергеушінің түпкі тұтқасы – оның әдептілігі мен кәсібилігі.

 

Тергеуші өз жұмысында жағымсыз фактілермен жиі кездеседі, сондықтан да эмоцианалды тұрғыдан тұрақты, ұстамды, төзімді болуы тиіс. Тергеуші заңды жақсы меңгеріп, қылмыстық-процестік заңнаманы жақсы білуі және олардың талаптарын сақтауы міндетті –дейді өз мамандығының қыр-сырын меңгеріп үлгерген жас аға тергеуші Көңілімқос Жанболатұлы Нұржан.

 

Суретті ұсынған Маңғыстау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему