Маңғыстау облысының прокуратура органдарында  жаңа тағайындаулар
Курс валют в Актау
на 06/07/2020
 
402.28
406.87
 
451.83
457.59
 
5.64
5.88
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Июля, 03:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

22 Февраля 2019 (12:05) | 1405 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 ақпандағы №28/6 бұйрығымен Маңғыстау облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

 

Аға әділет кеңесшісі Жанысбаев Бақытжан Жұмабекұлы Жаңаөзен қаласының прокуроры болып тағайындалды.

 

Жанысбаев Б.Ж. 1978 жылы 16 мамырда дүниеге келген. Прокуратура органдарында 1999 жылдан қызмет атқарады.

 

Әртүрлі уақытта облыс прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау мен алдын-ала тергеу және анықтау басқармасының басшысы, Ақтау қаласы прокурорының орынбасары, Бейнеу ауданының прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.

 

2018 жылдың ақпан айынан бастап Түпқараған ауданы прокуратурасын басқарған.

 

 

Әділет кеңесшісі Әжібаев Мұхтар Сұлтанұлы Маңғыстау ауданының прокуроры болып тағайындалды.

 

Әжібаев М.С. 1976 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2002 жылдан қызмет атқарады.

 

Тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

 

2017 жылдың қараша айынан бастап соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету жөніндегі облыс прокурорының аға көмекшісі лауазымында қызмет етті.

 

 

1 сыныпты заңгер Сейбағытов Абат Даржокұлы Түпқараған ауданының прокуроры болып тағайындалды.

 

Сейбағытов А.Д. 1987 жылы 25 маусымда дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2008 жылдан қызмет атқарады.

 

Жаңаөзен қаласы прокурорының аға көмекшісі, тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, сотқа дейінгі қылмыстық процес заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, қылмыстық қудалау басқармасының талдау тобының аға прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.

 

2018 жылдың маусым айынан бастап қылмыстық қудалау басқармасының процессуалдық прокурорлар тобында облыс прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облысының прокуратурасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему