Ақтауда өрт сөндірушілер «Есірткіге жол жоқ» науқанын өткізді
17 Февраля 2019 (10:26) | 1920 | Автор: Нурганым Имашева
Әлемде есірткінің зияны туралы және есірткі заттарын қолданудан кейінгі зардаптар туралы естімеген бірде-бір адам жоқ. Дәрігерлер, Үкімет, бұқаралық ақпарат құралдары бұл мәселені терең баяндайды, осыған орай жұмыс жасайды, ұлттық апатпен салыстыра отырып, үрей тудырады, есірткіге тәуелділікті дамытудағы зұлымдық туралы ақпаратты жеткізеді.
Есірткі – бұл барлық қайғы-қасірет пен бақытсыздықтың басты себепшісі, ол адамдарды, болашақ ұрпақты құртады және әлемнің қауіпсіз болатынына ешқандай үміт қалдырмайды. Сондықтан да есірткіге қарсы күреске бағытталған түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің мәжіліс залында Маңғыстау гарнизонының жеке құрамы «Есірткіге жол жоқ» атты науқан өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу, жолын кесу және ескерту, ал қазір гарнизон қызметкерлерінің негізгі жасы 21-ден 35-ке дейінгі жас мөлшерін құрайды.
Науқан барысында өрт сөндірушілерге есірткінің адам өмірі мен денсаулығына әсері туралы бейнефильм көрсетілді, заңды бұзғаны үшін қандай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтылды, -деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему