Ақтау әуежайында эпидемияға қарсы дайындықты пысықтау шарасы ұйымдастырылмақ
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 08:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау әуежайында эпидемияға қарсы дайындықты пысықтау шарасы ұйымдастырылмақ

31 Января 2019 (13:26) | 969 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Денсаулық сақтау министрі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Көліктегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2019 жылғы 31 қаңтарда жұқпалы ауруға күдікті науқас анықталған кезде шұғыл алдын алу және эпидемияға қарсы іс шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-жаттығу өткізеді.

 

 

Оқу-жаттығу мүдделі қызметтердің қатысуымен Ақтау халықаралық әуежайы аумағында өткізіледі (Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Маңғыстау облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, шекара қызметі, желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) және Ақтау қ. халықаралық әуежай қызметтері).

 

Оқу-жаттығуды өткізу әлемдегі А (H1N1) тұмау бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайға және көлік құралында инфекцияны оқшаулау және Қазақстан Республикасы аумағында таралуына жол бермеу жөніндегі қызметтердің бірлескен іс-қимыл алгоритмін пысықтауға негізделген.

 

Дуние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бері Еуропа елдерінде тұмау аурушаңдығының өсуі жалғасуда, тұмау вирустарының құрылымында А (H1N1) тұмауы басым. Сонымен қатар, Грузияда ЖРВИ-мен ауыратын науқастарда емдеуге жатқызудың жоғары деңгейі байқалады, стационарда 800-ге жуық адам емделуде, оның ішінде 42-і ауыр жағдайда.

 

Тұмаудан қайтыс болудың 19 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.

 

А (H1N1) тұмауының тән ерекшелігі – асқынулардың ерте пайда болуы. Егер маусымды тұмау кезінде асқынулар, әдетте, 5-7 күн және кейінірек пайда болса, онда А (H1N1) тұмауы кезінде асқынулар аурудың 2-3 күні дамуы мүмкін.

 

 

Асқынулар арасында алғашқы вирустық пневмония көш бастап тұр. Вирусты пневмония кезінде жағдайдың нашарлауы жылдам қарқынмен жүреді және көптеген емделушілерде 24 сағат бойы тыныс алу жетіспеушілігі дамиды.

 

Аталған оқу-жаттығудың мақсаты мен міндетті: Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық, шекара, кеден қызметтері, ішкі істер органдарының, медициналық мекемелерінің, әуежай қызметтерінің әуежолаушылары арасында карантиндік және аса қауіпті инфекциялар жағдайларын әкелу мүмкіндігі кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу тиімділігін бағалау, Маңғыстау облысының медициналық мекемелерінің науқастарды емдеуге жатқызу, қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау болып табылады және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

 

Оқу-жаттығу 2019 жылғы 31 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 15.00-де Ақтау қаласының халықаралық әуежайында әуе көлігінің бортында, аэровокзал және медициналық ұйымдардың үй-жайларында нақты жағдайға жақындатылған жағдайда өткізіледі,- деп хабарлайды Көліктегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

 

Сурет today.kz, tengrinews.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему