Ата-анаға берілген мүмкіндік
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 22:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ата-анаға берілген мүмкіндік

30 Января 2019 (14:32) | 2028 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы №20 орта мектепте директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасары Орынгүл Салтанатованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, жыл сайын ата-аналармен баланысты нығайту мақсатында «Ашық есік күні» апталығын өткізуді дәстүрге айналдырған.

 

 

Жақында аталмыш мектептің Гүлжан Бөлекбаева жетекшілік ететін 3 «б» сыныбында «Ашық есік күні» апталығы өтті.

 

Апталық кезінде сабаққа қатысқан ата-ана баласының сабаққа қатысу белсенділігін, балаға қандай көмек керектігін, жаңа оқу бағдарлама-сында мұғалім сабақты қалай өткізеді, не өзгерді деген сұрақтар төңірегінде толық мағлұматтар алды.

 

Сабақ кестесі бойынша әр аптаның бірінші сабағы математика пәні өтеді. Оқушылар бір-бірімен әріптестікте жұмыс жасай отырып, өзара білім алмасты. Жұптық, топтық талқылау барысында ұйымдастырушылыққа үйреніп, бір-бірін түзетіп отырды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында топтық жұмыс барысында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын, түсініктерін еркін айта алатындығын дәлелдеді.Сыныпта оқушылардың белсенділікпен өз ойын еркін айтқан сәттерін көргенде сынып жетекшісі Гүлжан Бөлекбаеваға риза болдық.

 

Ұстаз жаңа сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, жеті модуль элементтерін жақсы пайдалана отырып, әрбір оқушының ішкі қабілеттерін жетілдіру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана білетін білікті мұғалім екенін танытты. Гүлжанның сабақ өткізуінде оқушылардың бойынан сабаққа қызығушылықтарының артқандығын, бір-бірінің ойын талдау қабілетінің дамығандығын, топпен жұмыс жасай білу, сындарлы ойлауы, өз пікірін ортаға еркін салып, жеткізу қасиеттерінің артқандығы байқалды.

 

«Білім басы - бастауыштан» деген қағиданы басты назарда ұстайтын ұстаз оқушыларының білім сапасын қадағалап отыратындығын көрсетті. Білім беру барысында оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуды да жолға қойған. Оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ойлануына да мүмкіндік жасап отырды.

 

 

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, оқушылардың осы талпынысын дамытуға ұстаз зор көңіл бөліп отыратындығын да байқадық.

 

Сабақ үстінде тек қана тақырыпты жан-жақты түсіндіре отырып, өмірлік көзқарас тұрғысынан өзіндік пікір жеткізуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге шақырып отырды.

 

Сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш-жігерін жұмсауды басты мақсаты санаған білікті ұстаз шәкірт жүрегінен ғана емес, аталмыш шараға қатысқан біздің де жүрегімізден орын ала білді.

 

Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаз өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру , игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғанабүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

 

Бір аптаға созылған «Ашық есік күні» апталығына қатысқан ата-ана өз баласының білім дәрежесін, жетістігі мен осал тұстарын білді. Ал кейбір ата-ана мектеп тарапынан берілген мүмкіндікті пайдалана алмай, бұл шараға тек баласы нашар оқитын ата-ана қатысады деген жаңсақ пікірде болып, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

 

Бұл мәліметті біздің редакцияға жолдаған Ақтау қаласының тұрғыны Пернегүл ҚАРЖАУБАЕВА.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему