Қала тұрғындарын өрттен сақтануға шақырамыз
7 Февраля 2018 (18:21) | 1934 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып қала тұрғындары арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жыл басынан бері бір айдың шамасында Ақтау қаласы аумағында 5 өрт оқиғасы тіркелді, негізінен өрт оқиғалары тұрғын-үй секторларында орын алған.
Талдаулар көрсеткендей, тұрғын үйдегі өрттің шығуы адамдардың отпен ойнауынан болады.Соның ішінде,жалпы өрт талабын бұзушылық ретінде көбіне жатын орында шылым тарту тіркеледі. Көптеген адамдар темекі шегіп жатып ұйықтапқалып, өрттің шығуына себеп болады.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып Ақтау қаласы 4 шағын ауданы тұрғындарына және ішкі істер басқармасы тізімінде тұрған қолайсыз отбасыларға, тұрғын секторлардағы өртті, сонымен қатар, адам денсаулығына және өміріне төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Барлық тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде жадынамалар таратылып тұрғын үйде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде сұхбаттар жүргізілді.
Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты - адамдардың денсаулығы мен өмірін және мүліктерін сақтау, сонымен қатар тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін арттыру.
Тұрғындар арасында жүргізіліп жатырған үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, адамдардың өрт қауіпсіздігіне мұқият болуға деген ұмтылысы артады деген үміттеміз!
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты Жасұлан Айнабек
Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему