Маңғыстаулық балғын балуандар республикалық турнирден жеңіспен оралды
29 Января 2019 (09:18) | 1632 | Автор: Нурганым Имашева
Самбо күресінен «КССРО спорт шебері» В.В.Попова мен В.И.Бабенконы еске алуға арналған 7-ші республикалық турнир өтті.
САМБО күресінен 2008-2009ж.т жасөспірімдер мен қыздар арасында Республикалық турнирде 38кг салмақта Саламатұлы Ескендір 3 – орын, 45кг салмақта Бауыржанұлы Жанарыс – 2 орынды жеңіп алды және жақсы күрескені үшін Тағаберген Ұлан, Жұмабай Дамир дипломмен марапатталды. Жаттыктырушысы - Айдынғалиев Нұржан.
14 командадан 200-дей бала қатысқан дүбірлі додаға, 2008-2009жылғы туылған жасөспірімдер қатысты. Ақтаудан «Жас батыр» спорт мектебінен жарысқа 11 бала барды. Жас балуандарды республикалық турнирге бапкері Бөкенбаев Серік бастап барды.
30 кг салмақта 1-орынды Қуатұлы Динмухаммед жеңіп алса, 42кг салмақта 1-орын Қабиденов Абылайға бұйырды.
"Жеңіске деген жігерлігі үшін" аталымында ең жас спортшы Қуанышбаев Азамат марапатталды (Қостанай каласы).
Берекет Нұрсат 2-орынды иеленді (28кг).
Ғабит Расулхан 3-орын иегері атанды (28кг).
Суреттерді түсірген «Жас батыр» спорт мектебі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему