Бітімге келсең, берекең қашпас!
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 08:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бітімге келсең, берекең қашпас!

24 Января 2019 (11:53) | 734 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам ұлт жоспары» мен судьялар съездерінде судьялардың жүктемесін азайта отырып, істі сапалы қарауды, сол арқылы сот имиджін арттыруды, қоғамда дауларды азайтуды тапсырған болатын. Республика судьяларының VI съезінде дауларды медиативтік рәсіммен шешудің баламалы әдісін қолданысқа енгізе отырып, сот тәртібімен қаралатын дау санын азайтудың маңыздылығын айтты.

 

 

Соңғы он жыл ішінде республика соттарында күрделі реформалар іске асырылып, оның ішінде мемлекет басшысы қойған нақ осы талап бойынша ауқымды жұмыстар басталды. 2011 жылы «Медиация» туралы Заң қабылданып, сот жүйесінде оны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

 

Осы жұмыстың жалғасы ретінде былтыр Жоғары Сот бастамасымен қолға алынған «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні» аясында басым бағыттар айқындалды. Соттар сапалы қызмет көрсететін, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ететін тетіктерді іске қосты.

 

Соның бірі - «Татуласу. Сотқа дейін, сотта» бағдарламасы деуге болады. Бағдарлама ауқымы кең, жауапкершілігі жоғары, талаптары ерекше. Осы орайда былтыр Маңғыстау облыстық сотында фронт-офис және құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда сотқа келушілерге кәсіпқой медиатор мен ЦОН қызметкерінен кеңестер, адвокаттар мен нотариустардан түсіндірулер беріледі.

 

Осылайша татуластыру рәсімдерін соттар екі жағдайда жүргізуге кірісті. Яғни, бірінші жағдайда судья-медиатор өзіне түскен іс бойынша тараптарды медиативтік келісімге шақыруы мүмкін. Екінші жағдайда соттан тыс жерде, яғни татуластыру орталықтарында, медиация кабинеттері мен билер соты арқылы бітім жасалуы мүмкін.

 

Бағдарлама негізінде мемлекеттік университет пен кәсіподақтар орталығынан екі үлкен татуластыру орталығы, барлық дерлік сотта медиация кабинеттері ашылды.

 

 

Билер сотының құрылымын, оның міндеттерін айқындау, облыста билер сотының негізін құру мақсатында Қазақстан халықтары Ассамблеясының облыстық филиалымен бірігіп, «Дау мұраты – біту» тақырыбында форум өткізілді. Оның қорытындысы бойынша облыста «Билер кеңесін» құру, кәсіби емес медиаторлардың рөлін күшейту, оларға отставкадағы судьяларды қатыстырып, медиаторлардың куәлігін беру жұмыстары жасалуда.

 

Осындай жұмыстар нәтижесінде татуластыру рәсімімен қаралған істер саны артып келеді. 2017 жылы 1432 іс татуластырумен аяқталса, 2018 жылы 1549 іс бітіммен аяқталған.

 

Ақтау қалалық сотының өндірісіне 2018 жылдың 12 ай ішінде барлығы 755 қылмыстық іс түсіп, оның ішінде медиация тәртібімен барлығы 83 қылмыстық іс қаралған.

 

Ақтау қалалық сотының өндірісіне 2019 жылдың қантар айында барлығы 91 қылмыстық іс түскен, оның ішінде медиация тәртібімен 6 қылмыстық іс қаралды. Медиация тәртібімен қаралған қылмыстық істер, сотталушының жәбірленушімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиян есесінің толтырылуына байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен заң негізінде қысқартылады.

 

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» және Қылмыстық Процестік кодексте медиация тәртібімен татуласу ретін қолдану талаптары бекітілген.

 

Бітімгерлік рәсіміне алғашында сенімсіздікпен, үрке қараған ел азаматтары бүгінде өздері ынта білдіріп, дауды жылдам әрі екі жаққа да тиімді шешуге тырысатыны қуантады.

 

Ұрлық жасау, материалдық, моральдық зиян келтіру, қарыз өндіру істері бойынша да екі жақ ымыраға келіп, бір-біріне кешіріммен қарап, соттан қол алысып шығады. Бұл өз кезегінде қылмыстық іс бойынша жазаға тартылатын азаматтар қатарын азайтса, екіншіден, қоғамды тәрбиеге салып, адамдық пен кешірімшіл болуға жетелейді.

 

Халықтың құқықтық сауатын арттырып, сот билігінің беделін көтеру, халықтың сотқа сенімін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар нәижелі жеміс берері сөзсіз.

 

Гүлфайруз Қойбағарова,

Ақтау қалалық сотының судьясы

 

Суреттер kelisim.kz, ddakmo.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему