Ұландық жауынгері -  ел чемпионатының  қола жүлдегері
Курс валют в Актау
на 03/04/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Апреля, 19:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұландық жауынгері - ел чемпионатының қола жүлдегері

2 Апреля 2026 (11:00) | 1 | Автор: Редакция

Ақтау қаласында өтіп жатқан спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жақындап келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар боз кілемде бақ сынап, өз шеберліктерін паш етуде. Бәсекесі жоғары додада әр белдесу – табандылық пен төзімнің, жігер мен намыстың сыналар сәті.

         Осы байрақты бәсекеде 53 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы Сағыныш Қуанышұлы жүлделі үшінші орынға ие болып, мерейін үстем етті. Жас болса да, жігері мығым сарбаз қарсыластарынан қаймықпай, әр белдесуде ерік-жігерін таныта білді.

         Сағыныштың айтуынша, бұл жетістік – тынымсыз еңбектің нәтижесі.

         – «Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әр қарсыласым мықты, әр белдесу оңай өткен жоқ. Соған қарамастан, бар күшімді салып, жүлдегерлер қатарына ілінгеніме қуаныштымын. Алда әлі де дайындалып, бұдан да жоғары нәтижеге жетуді мақсат етемін», – дейді жас спортшы.

         Шынында да, әскери қызмет пен спортты қатар алып жүру – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сағыныш сынды сарбаздар үшін мұндай жарыстар тек жеңіс емес, сонымен қатар шыңдалу алаңы. Олар сапта да, спортта да үздік болуға ұмтылады.

         Айта кетейік, Ақтаудағы чемпионат әлі де жалғасуда. Ертең, яғни 3 сәуір күні жарыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер толық анықталады. Ал бүгінгі жетістік – ертеңгі биік белестерге бастар нық қадам.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему