Жастар арасында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған басқосу өтті
16 Января 2019 (10:34) | 2025 | Автор: Нурганым Имашева
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мәжіліс залында «Жастар арасында діни экстремизм мен радикализмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында халықаралық мастер-класс өтті.-деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі.
М.В.Ломоносов атындағы ақпараттық талдау орталығы, «Каспий-Еуразия» халықаралық қоғамдық-саяси зерттеулер орталығы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Еуразия мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығы, «Caspian BRIDGE» ақпараттық талдау орталығы мамандары қатысқан шарада «Каспий өңіріндегі ақпарат қауіпсіздігі», «Каспий өңірі елдерінің экономикалық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге қарсы жасалатын іс-қимыл туралы сараптамалық және ақпараттық жұмыстар», «Каспий теңізіндегі көлік қауіпсіздігі» тақырыптары төңірегінде сөз қозғалды.
Мәскеу мен Астрханнан келген мамандар өз елдерінде осындай мастер-класстардың нәтиже бергенін айтып, жастарды жат ағымның жетегінен сақтау жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Тақырып төңірегінде түрлі жанды пікірлер тыңдалған соң «Большая Евразия» сараптама алаңының үйлестірушісі С.Масауловтың шеберлік сағаты өтті. Тренер «мектеп оқушылары мен студенттердің діндегі түрлі теріс ағымның ақпараттарына арбалмауы үшін біз не істеуіміз керек, жастардың дінге деген көзқарасы өзгергенін қалай білуге болады?» деген сұрақтарға нақты жауап беріп, радикалды дінді насихаттайтын ғаламтордағы ойындар туралы да нақты мәліметтермен бөлісті.
Суреттерді түсірген өңірлік коммуникация қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему