Қағазбастылықтың дәуірі өтті
Курс валют в Актау
на 25/06/2019
 
376.86
380.13
 
429.38
433.8
 
5.95
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Июня, 17:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қағазбастылықтың дәуірі өтті

8 Января 2019 (14:18) | 883 | Автор: Нурганым Имашева

Бұрын сот қызметі ғана емес, мемлекеттік құрылымдардың барлығы жұмысын қағаз жүзінде жүргізетін. Сотқа арыз-шағым беру, ұсынысын білдіру, сын-ескертпесін айту үшін де азаматтар арнайы сотқа келіп, ойындағысын қағазға түсіріп айта жататын. Мұның барлығы қарапайым халықтың қаншама уақытын ұрлайтыны, қалтасына салмақ салатыны шындық. Сонымен бірге, қызметтің бәрі тікелей көрсетілетіндіктен кезек күту, азаматтардың бір-бірімен тәжікелесіп, сөзге келуі секілді жағдайлардың жиі орын алуы қалыпты жағдай еді. Осы түйткілдерді шешу үшін жаңа технологияларды мемлекеттік қызметке біртіндеп енгізу мәселесі күн тәртібіне щығарылған болатын.

 

 

Отандық сотты электронды қызметті тереңнен меңгеріп, тиімді қолданудың көшбасшысы деуге болады. Өйткені, республика судьяларының V cезъіндегі Елбасы тапсырмасынан кейін жаңа технологиялардың жетістіктері барынша зерттелді. Сотқа түскен арыздармен материалдарды судьяларға компьютер арқылы бөлуге қатысты жасалған жұмыстар азаматтардың сот қызметіне деген сенімін нығайтты. Істердің осылайша теңдей бөлінуі судьялардың да бірдей жүктемемен жұмыс жүргізуіне жол ашты. Бұдан кейін тәжірибеге енгізілген жаңашылдықтардың бірі – сот мәжіліс залдарының дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталуы еді. Әр процестің міндетті түрде тасбаға жазылуы, тасбаны тоқтатуға, редакциялауға мүмкіндіктің болмауы судьяларға ғана емес, іске қатысы бар прокуратура, адвокатура өкілдері мен қос тараптың куәгерлердің жауаптылығын көтерді. Істердің дер кезінде басталуына тәртіптің бұзылмауына кепіл болды. Алғашқы бастамалар жақсы қабылданып, оң нәтижелер көрсеткеннен кейін электрондық қызметті қолданудың аясы кеңи берді.

 

 

Осылайша енді бейне-конференц байланыс арқылы сот өтетін жерден шалғайда тұратынкуәгерлерді сұрау, уақытша ұстау изоляторында отырған айыптылардан жауап алу жеңілдеді. Әсіресе, түзеу мекемелерімен байланысқа шығудың қауіпсіздікті сақтауға да тигізер ықпалы зор. Одан бөлек, айыптын әрі-бері тасу уақыт пен қаржылық шығынды талап ететіні тағы белгілі. Сондай-ақ, смс хабарламалар жіберу, гибридтік пошта жұмысының реттелуі, «Сот кабинеті» сервисінің сапалы жұмысы азаматтарға айтарлықтай жеңілдік сыйлағаны талассыз. Мұның барлығы электрондық қызметтің пайдалы екенін оның мүмкіндіктерін енгізу бойынша жұмыстар әрі қарай жалғаса беретінін көрсетеді.

 

С.Карабалаева

 

Жаңаөзен қалалық сотының

бас маманы

 

Суреттер kaznau.kz, egemen.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему