«Ұлы даланың жеті қыры» - ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегі
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 16:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ұлы даланың жеті қыры» - ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегі

8 Января 2019 (13:11) | 6728 | Автор: Нурганым Имашева

Жеті санының халқымыз үшін мәні ерекше. Жеті атасын жетік біліп, Жігітті жеті өнеріне қарап бағалап, Жеті қазынасын саф алтындай сақтаған көкірегі ояу, көңілі жүйрік текті халықтың ұрпағы екеніміз баршамызға аян.

 

 

Тарих қойнауына көз салсақ, сансыз жетістігімізді санап бітіру мүмкін емес. Түп тамырымыз Түрік Қағанатының қайсар қолбасшысы Күлтегін бабамыз: «Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды төктім, қара терімді ағыздым» деп жырлауы да бекер емес - ті.

 

Ұлт көшбасшысының өз мақаласында «Қазақстан - күллі түрік халықтарының қасиетті қара шаңырағы, Түркі әлемінің бесігі, Түркі әлемінің генезисі» деп атап көрсетуі алтын діңгегімізді айқындап берді деп ойлаймын. 2014 жылы Түркияның премьер министрі Режеп Тайып Ердоған Франция астанасы Париждегі қандастармызбен кездесуіне: Біз түбі де, тегі де бір халықпыз. Аталы тұқым ешқашан азып тозбайды деп шегелеп берген болатын.

 

Ұлылардың ұлысы тігіліп, тұлпардың тұяғы шаңдатқан Маңғаз Маңғыстау да талай жеңістердің куәсі болған қасиетті мекен. Бекет ата, Шопан ата, Сейсем ата, Әйгілі Шахмардан қиссасындағы Шақпақ ата ғасырлар бойы рухани азығымыз болып келе жатыр. Қазақ елінің мызғымас тірегі болған қастерлі есімдер сансыз ғасыр өтсе де ұрпақ санасынан ұмытылмақ емес.

 

Бұл дегеніміз Маңғыстау өлкесінің де ұлы есімдерге толы екендігінің бір дәлелі. Мақала Ұлт тарихындағы кеңістікпен уақытты саралай отырып, атқа міну мәдениетін айрықша атап өтті.

 

 

Шығыстағы Берел қорғанынан табылған ат әбзелдеріне қарап, бұдан 2500 жыл бұрын да бабаларымыз сәйгүліктін парқын білгенін көреміз.

Байқасақ әлімсақтан батыр бабаларымызды тұлпарсыз елестету қиын. Қазақ тарихында ел қорғаған даңқты батырлармен бірге олардың тұлпарлары да қатар айтылады. Әсіресе, сәйгүлік есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Халқымыз батырға қанат болған тұлпарлардың етін ешқашанда жемеген. Қастерлеп Қолбасшысымен бірге жерлеген. Мұндай сәйгүліктердің бірегейлері Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы, Бөгенбайдың қызыл аты, Ақанның құлагері, Тілеулі батырдың Кез құлағы, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің кераты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұбары, Ерқосайдың Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы. Бұл тізімді әрі де жалғастыра беруге болады. Бала кезімізде Алпамыс батыр жырын әжеміз әсерлете айтып, Шұбар атты келесідей суреттейтін-ді:

 

Шын жүйрікке не сөз бар, Тартылды жердің танабы,

 

Бір күн шапса Шұбар ат, Айшылық жолды алады

 

Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер, айшылық жолды бір күнде алып тұрған тұлпардың бабының қандай болғанын айтып жеткізудің өзі де қиын шығар.

 

Атқамінер деген сөз (тұлпар мініп ел тізгінін ұстаған азаматтар, елдің жанашыры, ел ағалары) әлі де болса аса сыйлы азаматтарға арнап аталып келе жатқандығы да кездейсоқтық болмаса керектін.

 

Күні бүгінде Жайлауда немесе атжарыстарда жылқы көрсек арқамыз қозады. Бұл дегеніміз бабаның қанымен ананың сүтімен бойымызға дарыған феномен. Міне, осы феномен мақалада айрықша бейнеленген.

 

Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стилдің қарыштап дамуын Алтын адамның сұлбасынан байқауға болады. Жоғарғы сапалы алтын пластикамен қар барысы, таутеке, арқар бейнесіндегі нышанмен безендірілген киімдері әлем назарын өзіне қаратты. Аталған бейнелер күні бүгінде халқымыстың тұрмыс тіршілігінде қолданылып жүргенін әлем отандық дизайнерлеріміз арқылы біле бастады. Оның ішінде жерлесіміз Нұр шах брендін де мысалға келтіруге болады.

 

Ұлы жібек жолының Маңғыстау түбегінен өткен дәлелі іспеттес Қызылқала да өзінің зерттеу кезегін күтіп жатқандай. Осы орайда Архив 2025 тарауы аталған бағытта дамудың ерекше импульсын береді деген үмітіміз де жоқ емес. Қазақтың абызы - Әбіш ағамыз айтқандай Маңғыстау аспан астындағы мұражай екенін ескерер болсақ, қаншама құнды дүниелердің сырын ашуға мүмкіндік туып отыр.

 

 

Мақалада кино өнерінде де құнды дүниелермен толықтыру көзделіп отыр. Құнанбай, Мұстафа Шоқай, Әміре, Алаш зиялылары туралы «ТАР ЗАМАН» фильмі де көкірегі ояу көрерменді бей - жай қалдырмады деп ойлаймын. Ұлттық рухты жаңғырту мақсатында бірнешеуіне біз ұжыммен барып та қараған болатынбыз.

 

Мақаланың тағы бір қыры дала фольклоры мен музыкасының мың жылы. Осыдан тура ғасыр бұрын қазақтың бұлбұлы Әміре Қашаубаев Париж экспосында Балқадишамен ғаламды тәнті қылса, күні кеше аузын айға білеген ағылшын астанасы Лондонда Димаш Құдайберген қандасымыз қазақ өнерін төрткүл дүниеге паш етті. 45 елден келген тыңдарман Димаштың талантымен бірге қазақ өнерінің бір бөлшегін өздерімен бірге ала кетті. Инстаграмм желісіндегі миллиондаған жанкүйерлері әлі де алған әсерлерінен айыға алмай, өз тілдерінде ниет - ықыластарын білдіруде. қазақ халқының мұңы мен шерін ғасырдан ғасырға жалғаған қасиетті қара домбыраның күмбірі әлемнің музыка сыншыларын ерекше күйге бөледі. Ұлттың ұмтылмас ұлылығы мен ұрпақтар сабақтастығы деген осы болар.

 

Сөз соңында айтарым, кешегі өткен тарихтағы жетістігімізбен бірге, Елбасының Ұлы Даланың жеті қырын негізге ала отырып, болашағымызды да жарқын ету, халықтың игілігімен әл ауқатын көтеру жолында еңбек ету - мемлекеттік қызметшінің абыройлы міндеті деп білемін.

 

Арман Тілепіұлы Елдесов

 

Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы

 

Суреттер Aikyn.kz , filalemi rz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему