«Жарқыраның» оқу гранты иегерлері анықталды
Курс валют в Актау
на 27/01/2021
 
417.65
421.61
 
508.46
513.6
 
5.58
5.77
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected], [email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Января, 08:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жарқыраның» оқу гранты иегерлері анықталды

24 Декабря 2018 (16:21) | 980 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласында «Жарқыра» байқауының бірінші кезеңінде жеңіске жеткен әлеуметтік кәсіпкерлерді марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға «Теңізшевройл» ЖШС, ОАЕҚ, өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлері, облыс әкімдігінің, «Даму» қорының, «Атамекен» ҰКП және  ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

 

 Байқау «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялық жобалар желісі бойынша қаржыландырылатын Орталық Азияның Еуразия Қорының «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде өтті.

 

 

Бағдарлама қазан айында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша екі күндік кіріспе семинардан басталды. Оған 98 адам қатысты. Байқаудың бірінші кезеңіне 37 бизнес-идея тұжырымдамасы жетті. Тұжырымдамаларды Қазақстан мен Қырғыстанның бизнес, әлеуметтік кәсіпкерлік және ҮЕҰ салаларының мамандары бағалады. Нәтижесінде байқаудың бірінші турының 20 жеңімпазы анықталды. Іріктелген жобалардың 12-сі Ақтау қаласының, ал 8-і Түпқараған мен Бейнеу аудандары кәсіпкерлерінің еншісінде.

 

Таңдалған жобалардың қызмет салалары: әйелдер мен отбасын қолдау – 6; қажеттіліктері ерекше ересектер мен балаларды оңалту – 5; денсаулық сақтау – 4; балалардың білімі мен бос уақыт өткізулері – 3; экология мен спорт әрқайсысы бір жобадан.

 

Марапаттау салтанатында байқаудың жартылай финал жеңімпаздарына құны 300 000 теңге құрайтын бизнес дағдыларды дамытуға бағытталған акселерация бағдарламасына жолдама беретін сертификаттар тапсырылды.

 

Бағдарлама 4 тренингтен тұратын болады: маркетинг пен сатулар, қаржылар, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары мен мамандардың кеңес берулері. Мұны Қазақстанның үздік тренерлері өткізеді.

 

 

Тренингтердің нәтижесінде бағдарлама қатысушылары тұжырымдамаларын бизнес-жоспар деңгейіне дейін жеткізіп, байқаудың финалына қатысады деп күтілуде. 2019 жылдың наурыз айында өтетін финалда қатысушылар қала қауымдастығы мен сарапшылар комитеті алдында жобаларын қорғайды. «Жарқыра» жеңімпаздары 5 жылға пайызсыз 1,5- 3 млн. теңге несие алып, ТМД елдерінің әлеуметтік кәсіпкерліктерінде өз қызмет саласы бойынша тағылымдамадан өтеді.

 

«Жарқыра» байқауының бірінші кезеңінің жеңімпазы «Луара» қоғамдық қорының директоры Лаура Асырова:

-Алған білімім бойынша мен хореограф және әлеуметтік кәсіпкермін. Сондықтан да болар, біздің қорымыз қажеттіліктері ерекше жандарға арналған би студиясын ұйымдастырып келеміз.

 

 Бенефициарларымызға арнап жағажай аштық. Құтқарушылар мен психологтарды жұмысқа тарттық. Өкінішке орай, адамдар матрастармен жүзіп жүрді, ал біз олардың жүзуге арналған орындық пайдаланғандарын қалаймыз. Биге арналған арбамен де  клиенттеріміздің нәтижелерін жақсартып, халықаралық байқауларға шығар едік. «Жарқыра» және оның беретін мүмкіндіктері туралы естіп, қатты қуандым»,- дейді.

 

 

«Жарқыра» бағдарламасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың бүкіл кезеңі бойынша мыналар қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, бизнеске оқыту, қаржыландыру байқауы, тәлімгерлік және нетворкинг.

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік борышты орындауға бағытталған, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін бизнес. Көптеген елдерде азаматтардың өзекті мәселелерді тиімді шешуі бұрыннан келе жатқан тәжірибе болып саналады.

 

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – мемлекетке әлеуметтік мәселелерді шешуде көмектеседі. Осы ақылды қайырымды, белсенді және мәселеге бей-жай  қарамайтын азаматтар үшін өз идеяларын жүзеге асыруға зор мүмкіндік болмақ.

 

 

Суреттерді түсірген«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему