«Цифрлы Қазақстан» - сот жүйесінде».
10 Декабря 2018 (14:21) | 3690 | Автор: Нурганым Имашева
Жоғары технологиялардың дамуына ілесу үшін "Цифрлы Қазақстан" сынды бағдарламаның орны ерекше. Сот жүйесі – рухани жаңғыру аясында.
Елдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша цифрлы технологияға ең алғаш қадам басқан сот саласы болатын. Соған сай, сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды іс қағаздарын және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Мәселен, «Сот кабинеті» сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Электронды сот ісін жүргізуді дамытуға, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында «Мобильді сот кабинеті» және «Процеске қатысушысының күнтізбесі» сервистері жұмыс жасауда.
«Мобильді сот кабинеті» сервисін кез-келген тұлға немесе адвокаттар өздерінің ұялы телефондарына қондыру арқылы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі жаңалықтарды қарауға, онлайн режимінде жоспарланған сот отырыстары туралы ақпаратты (күні, орыны және уақыты), сот кабинеті арқылы сотқа ұсынылған барлық құжаттарды қадағалауға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, бұл қызмет қолданушылары осы сервисте орналасқан чат арқылы хабар алмаса алады. «Процеске қатысушының күнтізбесі» функционалындағы сот процесінің қатысушы адвокаттың белгілі бір мерзімге бос болмауы туралы мәліметтерді енгізу үшін арналған, ол судьяға сот отырысының күні және уақытын белгілеген кезде іс бойынша қатысушылардың жоқтығын ескереді. Сондай-ақ тағайындалған сот отырысының күнін және шешім, қаулының заңды күшіне ену күнін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтартұтына алады.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған.
Раман КАЩИЕВ Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы
Сурет zakon.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему