Құландыда спорт кешенінің құрылысы басталды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 03:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құландыда спорт кешенінің құрылысы басталды

18 Мая 2021 (12:48) | 1153 | Автор: Редакция

Қарақия ауданына қарасты Құланды ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Жаңа ғимарат аумағы 500 шаршы метрді құрайтын болады. Бұл туралы Құланды ауылының әкімі Санат Төкенов мәлім етті.

Оның айтуынша, бұған дейін ауылда спорттық нысан болған жоқ. Бұл – Құландыдағы алғашқы спорттық кешен. Онда бокс, күрес, фитнес залдары мен ашық футбол алаңы орналасады. Ғимарат бір кезекте 50-60 келушіні қабылдай алады.

«Құрылыс жұмыстарын жеке кәсіпкер Айдос Қаржаубаев өз қаражаты есебінен жүргізіп жатыр. Ол ауылымыздың өсіп-өркендеуіне белсенді атсалысып жүрген азаматтардың бірі. Нысанды осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді Санат Төкенов.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 10-ға жуық ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады.

 

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему