Маңғыстау облыстық сотында  мерекеге орай салтанатты жиын өткізілді
Курс валют в Актау
на 17/12/2018
 
368.88
372.64
 
418.97
423.68
 
5.5
5.66
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
17 Декабря, 06:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында мерекеге орай салтанатты жиын өткізілді

4 Декабря 2018 (13:40) | 357 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыстық мәслихат хатшысы Серікбай Тұрымов, Ардагерлер ұйымы қоғамдық кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, сот қызметкерлері қатысты.

 

Елбасының Маңғыстау өңіріндегі сенімді өкілі Ералы Тоғжанов тарих тереңінен сыр шертіп, рухани құндылықтарды тілге тиек ете келе, соттардың мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі туралы айтты. Өңір басшысы сот жүйесіне қаржылық қолдау көрсетіліп, мінсіз қызмет етуге барлық жағдай жасалатынын атап айтты.

 

Іс-шарада сөз алған Ержан Даулиев Елбасының сот жүйесіне ұдайы қамқорлық танытып, сот реформасын алға жылжытуда нақты қадамдар жасағанын атап өтті.

 

 

-Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  аясында сотқа жүктелген міндеттердің барлығы іс жүзінде орындалып, сот саласы халықаралық талаптарға сай мінсіз  қызмет көрсетуде. Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қырын» ұсынды, - деді Ержан Даулиев өз сөзінде.

 

Одан әрі Маңғыстау облыстық сотының судьясы Айжан Молбаева «Елбасының сындарлы саясаты. «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласындағы айтылған ойлар мен пайымдар туралы баяндама оқыды.  

 

 

Мақалада айтылған өзекті ойлар, алдағы бағыт-бағдар, Маңғыстау өңірінің құндылықтары қатысушылар назарына жеткізілді. Сондай-ақ, жұмысқа жаңадан қабылданған мамандар ант қабылдап, «Сот жүйесінің 7 түйіні» бойынша Маңғыстау облыстық сотында нақты атқарылған жұмыстар туралы бейнеролик көрсетілді.

 

Салтанатты іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасып, Ғалымжан Ниязов сот жүйесінің ардагерлері, судьялар мен сот қызметкерлеріне Ақтау қаласының 55 жылдығына орай мерекелік медальдарды табыстады.

 

 

Сонымен қатар бұл күні мінсіз әрі табысты қызмет атқарған судьялар мен сот қызметкерлері Маңғыстау облыстық соты төрағасының Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының Алғысымен марапатталды.

 

Іс-шара соңы М.Өскінбаев атындағы облыстық филормония өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему