Жаңаөзенде «Сот төрелігінің жеті түйіні» бойынша бірнеше пилоттық жоба енгізілді
19 Ноября 2018 (10:04) | 3005 | Автор: Нурганым Имашева
Жаңаөзен қалалық соты мен Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот жүйесін жетілдірудің 7 түйіні» аясында «Үлгілі сот» және «Самрт сот» бағдарламасымен бірнеше пилоттық жобалар іске қосылды.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық соттың судьясы Азат Ізбасаров, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, БАҚ өкілдері қатысып, пилоттық жоба жұмыстарымен танысты.
«Судья көмекшісі» пилоттық жобасы бойынша сот төрағасының өкімімен Жаңаөзен қалалық сотының 6 судьясына 4 көмекші бекітілсе, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әр судьяға бір судья көмекшісі бекітіліп, хатшылық қызметте тәжірибесі жоғары, үздік әрі білікті мамандардан іріктелген судья көмекшілері қажетті техникалық құралдармен және кеңсе жиһаздарымен қамтамасыз етілді. Бекітілген судья көмекшілері судьяға іс жүктемесімен қатар, құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық, құжаттық, процестік жұмыстарды атқаруға көмектесетін болады.
Ержан Қарабаев жобаның негізгі мақсаты - соттар жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігінің сапасын жақсарту екендігін айтып, судья көмекшілеріне сәттілік тіледі. Одан әрі Жаңаөзен қалалық сотында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Алқа төрағасы қатысушыларды медиация кабинетінің басты қызметімен таныстырып, оның маңыздылығын, даудың жылдам әрі бейбіт жолмен шешілудегі рөлін атап өтті.
Медиация кабинетіне тараптардың бір-біріне сыйластық сезім қалыптастырып, көзқарастарын өзгертуге әсер ететіндей әсем безендіріліп, ыңғайлы жиһаз және жұмыс техникасымен жабдықталды.
Іс-шараға қатысқан жаңаөзендік кәсіби медиаторлар Мадина Акмурзаева, Райс Мукашева, Жанар Рахманова аймақта медиация институтын дамытуға белсенді үлес қосатындықтарын жеткізді.
-Жиын Жаңаөзен қаласының әкімшілік сотында «Виртуалды сот» пилоттық жобасын іске қосумен жалғасты. Ержан Қарабаев пен Азат Ізбасаров Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық жағдайын зерделей келе, халықтың қажеттілігіне сай іске қосылған жобаға қолдау білдірді. Ендігі жерде бірқатар әкімшілік істер қалалық әкімдіктің қолдауымен «бейнеконференцбайланыс» және «мобильді байланыс» көмегімен онлайн режимінде қаралмақ.
Аталған іс-шара соңында Ержан Қарабаев сот өндірісіндегі барлық істерді дыбыс-бейне жазба құрылғысы арқылы 100 пайыз қарауды, «Сот төрелігінің 7 түйіні» пилоттық жобаларды жүзеге асыру аясында бекітілген жұмыс жоспарын жандандыруды, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, істерді қарау мерзімдерін қатаң сақтауды ескертт,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему