Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Курс валют в Актау
на 22/10/2020
 
427.02
430.91
 
505.45
510.59
 
5.44
5.66
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
22 Октября, 23:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

28 Октября 2018 (09:44) | 1563 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді іріктеу және қабылдауды ұйымдастыру бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарын орындауда, ағымдағы жылдың 23 қазан күні Қарақия ауданы, Жетібай ауылында Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен КТИ өкілі азаматтық қорғау капитаны Е. Саменов және Департамент кадр жұмысының мамандарының қатысуымен 10-11 сынып оқушыларымен бірге Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт-насихаттық жиналыс ұйымдастырылып, өткізілді.

 

 

Іс-шара басында Қарақия аудандық ТЖБ бастығының м.а. Д. Елшібаев барлық қатысушылармен амандасып, мамандарды оқушыларға таныстырды.

 

Әрі қарай сөз КТИ өкілі азаматтық қорғау капитаны Е. Саменовке берілді. Ол презентациялық материал және бейнематериалды көрсетумен барлық оқушыларды, ата-аналарды және оқытушыларды Институтқа түсу шарттарымен және оқу орнының тыныс-тірлігімен таныстырды.

 

Кейін оқушылар, ата-аналар, сонымен қатар оқытушылар өздерін қызықтырған институт туралы сұрақтарын қойып, сәйкесінше нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға институт туралы буклеттер, материалдар таратылды.

 

Атап өту керек, жиналыс соңында қызығушылық танытқан оқушылар мен ата-аналар санының көптігінен КТИ өкілі олармен қысқаша әңгімелесу өткізді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД

Қарақия ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему