Ақтаулық дәрігерлер 3 келі шаш жұтқан жасөспірім қызды ажалдан құтқарды
Курс валют в Актау
на 24/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
24 Ноября, 07:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық дәрігерлер 3 келі шаш жұтқан жасөспірім қызды ажалдан құтқарды

31 Июля 2018 (11:42) | 4241 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ақтаулық 12 жасар жасөспірімге ота жасап, оның асқазанынан салмағы 3 келі 560 грамм шаш шығарды.

 

 

 

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Тумашев:

-11 шілде күні біздің ауруханаға 12 жасар қызды анасы алып келген болатын. Қызының асқа тәбеті жоқтығын, көп құсатынын, соның салдыранан әлсіреп қалғанын айтып шағымданды.

 

Аппаратқа түсірген кезде оның асқазанының шашқа толы екенін анықтадық. Масса болып жинақталған. Баланың жағдайы қатаң болғасын система беріп, әлдендіріп, екі күн отаға дайындадық.

 

 

13 шілде күні ота жасадық, жасөспірімнің асқазаны кеңсіріктен қуыққа дейін созылып кеткен. Ота кезінде жасөспірімнің ішінен киіз сияқты жинақталып қалған салмағы 3 келі 560 грамм және көлемі 35х13 см болатын шаш шықты.

 

Жасөспірім он күн ауруханада ем алды, кейін оны үйіне жібердік. Анасымен сөйлескенде қызының алты жасқа дейін шаш жеуге әуес болғанын айтады, кейін шаш жемеген еді дейді...

 

Жалпы менің дәрігерлік тәжірибемде мұндай жағдай кездесті. 1987 жылы шаш жеуді әдетке айналдырған жетібайлық 7 жасар қызға ота жасаған болатынбыз,-дейді Сұлтанбек Тумашев.

 

Жасөспірімге отаны хирургия бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Тумашев, көмекшілері Жәнібек Теміров пен Қазбек Келеманов жасады.

 

 

Айта кету керек, Сұлтанбек Тумашев Астрахань мемлекеттік медицина университетін 1985 жылы тәмамдап, жолдамамен Маңғыстау облысына келген. Сол жылдардан бері Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында тапжылмай еңбек етіп келеді.

 

2008 жылдан бері хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Қарамағында 6 білікті дәрігер бар. 33 жылдық тәжірибесі бар ақ халатты абзал жан осы уақытқа дейін 11 мыңнан аса балаға ота жасап, нәрестелердің өмірін сақтап қалған.

 

Бұл ақпаратты біздің басылымға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі жолдады.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему