Жолаушылар пойыздарына билет тапшылығы қолдан жасалып отыр
30 Июля 2018 (10:12) | 2500 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Маңғыстау облысындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері осыған көз жеткізді.
Ағымдағы жылдың 18-20 шілдесінде Маңғыстау селосының теміржол вокзалында облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «жасырын тұтынушы» әдісімен мониторинг жүргізілді.
Іс-шара барысында вокзалдың техникалық қызметкері «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызына бір билет 25 мың теңгеге тауып беруге уәде бергендігі анықталды.
Сонымен қатар, «Маңғышлақ-Астана» бағытындағы пойызының № 5 плацкарт вагонының жол серігі Бейнеу стансасына дейін бір орынға 2 адам отырғызып, 4 мың теңгеге апаратындығы белгілі болды. Мониторинг барысында № 8 купе вагонында 2 адамға 1500 теңгеге апаратындығы туралы анықталып, қоғам өкілдері тарапынан фиксацияланды.
Сондай ақ, жолсеріктер Бейнеу стансасына дейін 3 адамға билетсіз 1 орын тауып бергендігін айтып сендірген.
Теміржол вокзалында «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы пойызының № 7 купе вагонының жолсеріктері Бейнеу стансасына дейін орынсыз кіре беріске 2 адамға 2 мың теңгеге апаратындығын ашық айтқан. Дәл осындай жайт № 9 купе вагонда да орын алды.
Арнайы мониторингтік топ төрайымының орынбасары Әсет Мановтың айтуынша, Маңғыстау өңіріне әрі-бері қатынайтын жолаушылар пойыздарына теміржол кассаларында билет тапшылығына қарамастан, белгілі сомаға жолсеріктер орындар тауып бере алатындығын аңғару қиын емес. Яғни, мұндай жәйттар қолдан жасалуда деген қорытынды жасауға болады.
-Негізінде бұл мәселе алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Жылда осы проблема туындап отырады, әсіресе жаз мезгілінде. Бақылаушы органдар қайда қарап отыр?- деген орынды сұрақтар туындайды.
Өзіміздің тарапымыздан «Қазақстан темір жолы» АҚ Маңғыстау облыстық бөлімінің темір жол вокзалындағы «жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген мониторингінің қорытындысы бойынша уәкілетті орындарға ұсынымдар жолдауды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.
Қоғам өкілдерінің қатысуымен мұндай шараларды әлі де өткізу қажеттілігі туындап отыр. Алдағы уақытта, теміржол саласының мамандарымен кездесулер өткізіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы мұндай деректердің алдын-алу жоспарда бар.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему