Ақтауда«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 10 ЖОО-на қабылдау басталды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 21:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 10 ЖОО-на қабылдау басталды

19 Июля 2018 (21:41) | 4222 | Автор: Нурганым Имашева

Жылдағы дәстүр бойынша Маңғыстау облысына «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында арнайы бекітілген он жоғарғы оқу орнына үміткерлерден құжаттар қабылдау үшін білім ордаларының өкілдері келді.

 

 

         Бүгінгі таңда абитуриенттерден құжаттар қабылдауды бастап кеткен 10 ЖОО мыналар:

  1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;
  2. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
  3. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті;
  4. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
  5. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
  6. М.Өтемісұлы атындағы Бастыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
  7. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;
  8. Ө.Байқоңыроы атындағы Жезқазған университеті;
  9. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
  10.  Қостанай мемлекеттік университеті.

 

 

Жобаға қандай аймақтағы жастар және қалай қатыса алады?

  1. Еңбек күші артығымен орналасқан 5 өңір жастары (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары);
  2. ҰБТ немесе КТ-дан шекті (50 баллдан жоғары) және одан да жоғары балл жинаған талапкерлер;
  3. ҰБТ-ға қатыспаған, КТ тапсырғаннан кейін, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО түсе алмаған жастар;
  4. Егер бейіндік пәні және басқа пәндерден 5 баллдан аз алсаңыз, конкурсқа қатыса алмайсыз.

 

 

Талапкерлерден қандай құжаттар талап етіледі?

  1. Жеке куәлік (2 дана көшірмесі);
  2. Аттестат, куәлік қосымшаларымен (түпнұсқа мен көшірмесі);
  3. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
  4. Фотосурет 3х4 (6 дана);
  5. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама, 063 үлгісіндегі егу картасы мен ағымдағы жылғы флюрокадр (рентген суретімен бірге);

 

 

Конкурсқа қатысу құжаттарын қашан және қайда тапсыра аласыз?

  1. Жоғарғы оқу грант иегері атану үшін, конкурсқа қатысу құжаттары 18-26 шілде аралығында қабылданады.

Қабылдау комиссиясы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 32 ш/а., Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде орналасқан;

  1. Колледж грантының иегері атану үшін шілде, тамыз айлары аралығында құжаттар қабылданады.

Қабылдау комиссиясы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «Б» ш/а., Маңғыстау энергетикалық колледжі және Жаңаөзен қаласы, қалалық білім бөлімінде орналасқан.

 

 

Суреттерді түсірген Жанаман Бақтөреев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему