Жолдағы жемқорлықтың алдын алу шарасы ұйымдастырылды
14 Июля 2018 (17:20) | 2957 | Автор: Нурганым Имашева
«Пара берсең жазаланасың». Осы қағиданың мән-мағынасын қала тұрғындарының санасына сіңіру мақсатында Ақтауда «Арнайы монторинг тобы» мүшелері жол полициясы қызметкерлерімен парақорлыққа қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бірнеше күн қатарынан«Жолдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің 10 қадамы» аясында қала жолдарында рейдтік шаралар өтіп жатыр.
Рейдке облыстық «Арнайы мониторинг тобы» төрайымы Рухия Алдонғарова, орынбасары Әсет Манов, мүшелері Киікбай Ешманов пен Никар Рафикова, Мобильді топтың мүшесі Римма Өтесбаева қатысты.
Жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.
-Іс-шараның мақсаты – жолполициясы қызметкерлері мен жүргізушілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін түсіндіру.
«Пара берсең жазаланасың» атты парақшада «Пара беруші 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» депнақты жазылған.
Яғни, тек пара мен заңсыз сыйақыларды алушылар емес, пара берушілер де қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық деректерімен кездескен жағдайда кез-келген азамат республикалық 1424 және өңірлік +7 707 170 14 24 шұғыл желілеріне хабарласуға болады,- деп мәлімдейді осы апаратты біздің басылымға жолдаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему