Жаңғыртылған заманауи технологиялар
Курс валют в Актау
на 27/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
27 Декабря, 16:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңғыртылған заманауи технологиялар

17 Июня 2018 (19:10) | 2997 | Автор: Нурганым Имашева

Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан реформалардың сот саласына қосып жатқан үлесі мол деп айтуға толық негіз бар.

 

 

Бүгінде мемлекетіміздің басты мақсаты - әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарын Қазақстанда да енгізу болып табылғандықтан, заманауи талапқа сәйкес, республикамыздың сот жүйесінде электронды сот өндірісін енгізу жұмыстары қарқын алып келеді.

 

Республика соттарында жаңа ақпараттық технологиялық сервистер, яғни  «Сот кабинеті», «Мобильді сот кабинеті», «Сот отырыстарының дыбыс-бейне жазба құрылғысы» және  «Электронды сот төрелігі», сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сот істерін цифрландыру мақсатында «Ахуалды орталық» іске қосылды.

 

2016 жылдың басынан бастап Республиканың барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізіліп, толық қолданыла бастады.

 

Аталмыш сервис ақпараттық деректермен жедел алмасуға мүмкіндік береді, іс жүргізу мерзімдерін бақылау мен автоматтандырылған есеп жүргізу, статистикалық және талдау есептерін қалыптастыру, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді оңайлатуға және тағы да басқа мүмкіндіктері қамтылған.

 

Сонымен қатар, азаматтар үйлерінде ғаламтор арқылы электронды түрде талап-арыздарын беріп, сол арыздарының қай сатыда жүріп жатқанын қадағалай алады және аталмыш жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері онлайн режимінде көрінеді. «Төрелік» ақпараттық жүйесі - сот саласындағы жетістіктердің бірі. Құжаттардың сауаттылығы, түсініктілігі, ұқыптылықпен дайындалуы халықтың сот жұмысын бағалауына мүмкіндік береді.

 

Атап айтқанда, «Сот кабинеті» жүйесі арқылы «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, сот процестерін бейнедыбыс жазба жүйесі, СМС және электронды хабарламалар тарату секілді жобалар бүгінгі таңда қарқынды жүзеге асырылуда. Сондықтан, ел келешегінің табысты болуына жетелейтін бұл құжаттар еліміз үшін айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие.

 

 

Сот отырысында аудио-бейне қондырғыларын қолдану, сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларының талаптарына сәйкес,  сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

 

Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін аудио-, бейнежазба құралдарының  жұмысын, сондай-ақ құлаққаппен тыңдау арқылы жазбаның сапасына ағымдағы бақылауды, арнайы тұсындағы жазбаның деңгейін бақылауды және т.б. тексеруге міндетті.

 

Сот процесінде аудио-, бейнежазбаны қолдану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысы хаттамасында аудио-, бейнежазбаны қолданбау себептерін көрсете отырып, ол туралы судьяға мәлімдейді. Техникалық ақаулардың салдарынан аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып хаттама жасау мүмкін болмаса не аудио-, бейнежазбаның нақты жүзеге асырылмағаны сот процесі барысында анықталса, акт жасалады.

 

Сондай – ақ, «Нақты 100 қадам» - Ұлт Жоспарының 20 – шы қадамы бес институционалдық реформа бойынша «Барлық сот отырыстарына аудио – бейне  тіркеуді міндетті түрде енгізу» көзделгендіктен Ақтау гарнизоны әскери сотында да аудио-, бейнежазба құралдарын қолдану бүгінгі таңда 98 пайызды құрап отыр.

 

Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы Қызылгүл Елдашбаева

 

Суреттер 24.kz , tildes.gov.kz сайттарынан  алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему