Қолхат арқылы қаражатынан айырылған азаматтар
Курс валют в Актау
на 23/04/2021
 
430.13
433.92
 
517.53
522.55
 
5.57
5.66
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
23 Апреля, 04:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қолхат арқылы қаражатынан айырылған азаматтар

27 Мая 2018 (14:35) | 3793 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі біздің қоғамда азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпайтыны жасырын емес. Осының салдарынан опық жеп, заңмен қорғалатын өз құқықтарын өздерінің салғырттығынан қорғай алмай қалатын жағдайларға тап болып жатады. Бұлай деуге күнделікті өмірде кездесіп жататын жайттар себепші болып отыр. 

 

Өмірде қаражат жетпеуге тап болған жандар әртүрлі жағдайларда туысынан немесе танысынан қарызға ақша алатыны жиі кездесетін құбылыс. Қарызды алушы әдетте оны берген адамның талап етуімен қолхат береді. Қолхатты бере отыра онда алған қарызының мөлшерін, оны қайтарып беру мерзімін көрсетіп, қолын қояды. Алайда кейбір қарыз алушылар борышын уақытылы төлеуден жалтарып, уақытты созып жүріп алады. Ақшасын берген адам қарызын қайтарушының бүгін берем, ертең не арғы күні қарызымды өтеймін деген неше түрлі уәделеріне сеніп, көп уақытын жоғалтып алғанын өзі де сезбей қалады.

 

Ақыры, төзімі түгел таусылған күні ақшаның иесі қарызын қайтармаған адамның үстінен шағымданып, сотқа талап арызбен жүгінеді. Арызына қоса өзінен қарыз алған адамның өз қолымен жазып берген қолхатын да сотқа ұсынады. Арызданушының бар ойы - берген ақшасын қайтарып алу. Алайда, сот тәжірибесінде мұндай жағдайлар жиі болып тұратындай, кейбір сотқа жүгінген азаматтар қарызға берген қомақты қаржыларын қайтарып ала алмай қалатын кездері де болады. Неліктен қолдарында қолхаттары бар азаматтар сот арқылы қарызға берген ақшаларын қайтарып ала алмайды? –деген сауалға жауап ретінде сот тәжірибесінен мысал келтірейік.

 

Азаматша А. өзінің ескі танысы В.-ға 2013 жылдың қараша айында қарызға 1 млн. теңге ақша берген. В. қарызын 6 айдың ішінде қайтарып берем деп, А.-ға қолхат берген. Көрсетілген мерзімде қарыз қайтарылмаған, В. танысы А.-ның ақшасын әне қайтарам, міне қайтарам деп жүргенде біршама уақыт өтіп кеткен. Ал А. болса ескі танысы В.-ның сеніміне әбден кіріп алып, қарызын қайтармай, өзін құр уәдемен алдап, анда-санда аз-маз соманы берумен уақытты созып жүріп алғанына ақыры шыдамай, күндердің бір күнінде, 2018 жылы сотқа талап арызбен шағымданған.

 

Сот отырысы өтіп, сотта іс азаматтық тәртіпте қаралған кезде судья талапкер А.-ның арызын қанағаттандырусыз қалдырған. Нәтижесінде, А. ескі танысы В.-дан қолында оның берген қолхаты болғанына қарамастан ақшасын қайтарып алу мүмкіндігінен біржола айырылған. Неліктен сот талап арызды қанағаттандырмады? – деген сауалға жауап мынадай: «Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 178-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленген». Осы себепті, сот А.-ның талап арызын қанағаттандырмады.

 

Сөйтіп, заң талаптарын білмеген А. сотта өз құқығын қорғау мүмкіндігін жіберіп алған. Сондықтан бармағын тістеп қалған азаматша А. қолында өзіне қарыздар В.-ның қолхаты болғанымен, онымен сотқа мерзімінен тым кеш жүгінген себепті жауапкер В.-дан ақшасын өндіре алмады.

 

Талап қою мерзімі дегеніміз - субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені.

 

 Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Бұзылған құқығыңызды қорғау мүмкін болуы үшін заң талаптарын зерделеуді ұмытпағаныңыз абзал.

 

Айгерім Тайжанова

Ақтау қаласының №2 сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы

 

Сурет Vlast.kz

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему