Маңғыстаулық полицейлер ұшатын аппараттардың көмегімен 100-ге жуық жол ережесін бұзғандарды анықтады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық полицейлер ұшатын аппараттардың көмегімен 100-ге жуық жол ережесін бұзғандарды анықтады

17 Мая 2018 (21:59) | 1927 | Автор: Нурганым Имашева

Облыстық ІІДепартаменті Баспасөз қызметінің хабарлауынша, маңғыстаулық тәртіп сақшылары аймақтық және республикалық маңызы бар тас жолдарда, сондай-ақ Ақтауда фото және бейнежазу функциясымен жабдықталған ұшатын аппараттар құрылғыларын қолдана бастады.

 

 

-Полицейлік ұшатын аппараттар жылдамдықты асыруды, қарсы жолға шығып кеткендерді және басқа да жол ережесін бұзғандарды тіркейді және  деректер өңдеу орталығына енгізіледі. Кейінірек поштамен жүргізушіге айыппұл туралы хабарлама жіберіледі.

 

Негізгі міндет - патрульдеу, автокөлік қозғалысы ағымында жол қозғалысы ережелерін бұзатын, қауіпті маневр жасауға және басқа жол қозғалысына қатысушыларға  нақты қауіп тудыратын  жүргізушілерді анықтау. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығымен  ұшқышсыз ұшатын аспапты  пайдалану туралы шешім қабылданды.

 

Ұшақтың  әрекет ету  радиусы - 50 шақырым (км). Үздіксіз жұмыс уақыты - 2,5 сағат. Құрылғының ұшу жылдамдығы 110 км / сағ, биіктігі екі шақырымға (км) дейін.

 

Ұшатын аппараттар (дрон) Ақтау-Жаңаөзен, Ақшұқыр-Сайын-Шапагат және жол-көлік апаттары жиі кездесетін учаскелерде қазірде қолданылуда.

 

Ұшатын аппараттарпен ағымдағы жылдың 4-8 мамыр аралығында 97-құқықбұзушылық анықталып, 699,855тг айыппұл салынған,- дейді полиция қызметкерлері.

 

ІІДепартаменті Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Ақтауда стационарлық бақылау камераларымен қатар, «Скат» мобильді бейнетіркегіш қолданылады. Оның орнын күнде өзгерту жоспарлануда. «Скат» нысанына түскен жүргізушілерді бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту 4 мамырдан басталды.

 

Бұдан бұрын полиция қызметкерлері құрылғыдан бұзушылықтар туралы ақпаратты жою мүмкін еместігін айтты.

 

«Скат» мобильді бейнетіркегішімен  ағымдағы жылдың 4-8 мамыр аралығында  122 құқықбұзушылық анықталып, 1,467,050тг. айыппұл салынған».

 

Сурет dronetown.ru сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему