«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді
10 Апреля 2018 (20:55) | 2781 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының №28 жалпы орта білім беру мектебінің акт залында ата-аналар жиналысы кезіндетүсіндіру жұмыстары өткізілді.
Аталған жиналыс мектеп оқушыларынан құралған өнерпаздарының ұлттық аспаптардағы өнерін тамашалаудан басталып, «e-gov» электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі және мектеп жанынан ашылған өз-өзіне қызмет көрсету бұрышынан әртүрлі мемлекеттік қызметтерді алуға болатыны туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.Маршакұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері, Ақтау қаласы білім бөліміқызметкері, мектеп оқытушылары және ата-аналар қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде алудың маңыздылығы мен тиімділігін жеткізу, халыққа өз уақыттарын үнемді пайдалану мүмкіндіктерінтүсіндіру.
Шара барысында,ата-аналар электронды цифрлық қолтаңба алудан бастап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға дейінгі жәнеөздерінің көкейтесті сұрақтарына мардымды жауаптарын алды.
Сонымен қатар, қатысушылар информатика пәнінде 10 сынып оқушыларымен «e-gov» электронды үкімет веб-порталын қолдану дағдыларын үйрену барысын қарап, өзара сұрақтармен алмасты.
Бұл жағымды жаңалықты біздің басылымға Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының баспасөз қызметі жолдаған.
Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему