Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бейресми кездесу болып өтті
2 Апреля 2018 (15:35) | 1780 | Автор: Нурганым Имашева
Ағымдағы жылдың 30 науырызында «Жастар үйі» алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Н. Жанназарованың аумақтық және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бейресми кездесуі болып өтті.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында еркін сұхбат алаңын құру мақсатында бейресми форматта өткізілді.
Баршамызға белгілі, елімізде «Рухани Жаңғыру» атты бағдарлама жүзеге асырылып, оның «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялауға бағытталған кіші бағдарламасын өңірімізде Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізуде.
Осыған байланысты, сұхбат алаңы маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілердің ой-санасы мен ойлау өрісін өзгертуге жаңа әдістерді қолдануға бағытталған болатын.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің түрлі бағыттары бойынша көкейіндегі сауалдарын қойып, әсіресе әлеуметтік қамтамасыз ету, әдеп ережелерін сақтау, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мәселелеріне тереңірек тоқталды.
Айта кету қажет, департамент басшысының осыған ұқсас кездесулері түрлі мақсатты топтармен тұрақты түрде өткізілетін болады.
Департаменттің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему