Маңғыстаулық өнерпаздар сырқат сәбидің еміне көмек көрсетуге дайын
26 Марта 2018 (13:58) | 2342 | Автор: Нурганым Имашева
2018 ж 28-наурызда сағат 19.00-де М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының концерт залында қайырымдылық концерті өтетінін хабарлаймыз.
М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы облыс әкімінің бастамасы бойынша жарияланған «Асар» қайырымдылық акциясына орай ағымдағы жылдың 28 наурызы күні сағат 19.00-де қайырымдылық концертін ұйымдастырады.
Қайырымдылық концертіне филармония ұжымдары мен өлкеміздің өнерпаздары қатысады.
Билеттердің сатылымнан түскен қаржы сырқат сәби - 28.03.2016 жылы туылған Жақып Эльмира Ернарқызының еміне беріледі.
-Жақсылық жасаудан қалыс қалмаңыз, ағайын! Сәбидің сауығып кетуіне көп болып, көмек қолын созайық! –дейді М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының өнер ұжымы.
Суреттерді ұсынған М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему